Рубрика: Зерттеу

  • Берденовке оқ ату оқиғасы: шабуылдың себебі сотта айтылды

    Берденовке оқ ату оқиғасы: шабуылдың себебі сотта айтылды

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылдың мотиві сотта жарияланды, — деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

    Прокурор Бауыржан Карамановтың айтуынша, Ернар Жиембай Руслан Берденовтің тапсырмасымен өзі басқарып отырған “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС-дегі қызметінен өз еркімен кетуі тиіс екенін білген. Осыдан кейін эмоциялық күйзеліс күйінде ол спирт ішіп, үйінен “Сайга” маркалы мылтық алып шығып, бірнеше сағат бойы көлігінде сақтап жүрген.

    2025 жылдың 21 сәуірі күні, ол қалалық әкімдік ғимаратының алдына барып, Берденовті күтіп тұрған. Чиновник шыққан сәтте бес рет оқ атып, соңынан бақылау оқ атпақ болғанда, жараланған Руслан Берденов қарсылық танытып, бұл сәтте жүргізушісі шабуылдаушыны көлікпен қағып, кісі өлтірудің алдын алған.

    Негізгі сот процесі 6 тамыз күні сағат 10:00-де басталады. Іс ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі (“Кісі өлтіруге оқталу”) бойынша қаралып жатыр.

  • 1,7 млрд теңге жезөкшелік арқылы табылған: Қазақстанда адам саудасымен айналысқан топ ұсталды

    1,7 млрд теңге жезөкшелік арқылы табылған: Қазақстанда адам саудасымен айналысқан топ ұсталды

    Қазақстанда сексуалдық мақсатта адам саудасымен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, — деп хабарлайды Sona.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тергеу кезінде қылмыстық топтар интернет-ресурстар арқылы сексуалдық қызметтерді жарнамалап, тұрақты түрде пайда тауып отырған. 2024 жылдың басынан бері айналымы 1,7 млрд теңгеден асқан. Тәуліктік табыс көлемі 1,5 млн теңгеге дейін жеткен.

    Тінту барысында ірі көлемдегі ақша, банк карталары, көліктер мен электронды құрылғылар тәркіленді. Негізгі күдіктілер мен олардың сыбайластары қамауға алынды.

  • Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық: атышулы іс бойынша сот басталды

    Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық: атышулы іс бойынша сот басталды

    Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық дерегі бойынша сот процесі басталды. Істі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот қарап жатыр. Қылмыстық іс бойынша басты күдікті — Ернар Жиенбай. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») және 24-бабы 3-бөлігі («Қылмысқа оқталу») бойынша айып тағылып отыр.

    Сот процесінің алғашқы – алдын ала тыңдалым кезеңі ашық түрде өтіп жатыр, дегенмен судья Абинур Карабаевтың айтуынша, тараптардың келісімімен айыпталушының түрін бейнежазбаға түсіруге тыйым салынған. Бұл – сотта жиі кездесетін тәжірибе, егер айыпталушы өзінің жеке басының түсірілуіне қарсы болса, оның құқығы ескеріледі.

    Еске салайық, атышулы оқиға 2024 жылдың соңында қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Қала әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық әрекет — елдегі мемлекеттік қызметкерлерге төнетін қауіпсіздік мәселелерін тағы да күн тәртібіне шығарған.

    Қазіргі таңда сот процесі жалғасып жатыр. Қылмыстық іс материалдарына қатысты қосымша деректер мен куәгерлердің айғақтары алдағы отырыстарда жария етілмек.

  • ️Перизат Қайрат қайтаруы тиіс 1,5 млрд теңге қалай өтеледі — адвокаты түсіндірді

    ️Перизат Қайрат қайтаруы тиіс 1,5 млрд теңге қалай өтеледі — адвокаты түсіндірді

    Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Даулетьяров келтірілген материалдық шығын қалай өтелетініне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-қа сілтеме жасап хабарлайды.

    «Төрт көлік, төрт пәтер және бір жеке үй тәркіленді. Бағалау бойынша, олардың жалпы құны шамамен 1 миллиард теңгені құрайды», — деді қорғаушы.

    Оның айтуынша, бұл мүлік сатылымға шығарылып, залалдың бір бөлігі өтеледі.

    Еске сала кетейік, сот Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваны 1,5 млрд теңге көлеміндегі 50 азаматтық талап-арыз бойынша шығынды өтеуге міндеттеген болатын.

  • Перизат Қайратқа қатысты сот: 10 жыл жаза, 1,5 млрд теңге өтемақы және мүлікті тәркілеу

    Перизат Қайратқа қатысты сот: 10 жыл жаза, 1,5 млрд теңге өтемақы және мүлікті тәркілеу

    Астанадағы қалалық сот қоғам назарын аударған Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Sona.kz тілшісі.

    Сот үкімі бойынша:
    – Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды
    – Анасы Гайни Алашбаева 7 жылға сотталды
    – Екеуінен бірігіп 1,5 миллиард теңге өндірілетін болды. Бұл сома 50 азаматтық талап арызды қанағаттандыру үшін белгіленген

    Тәркіленетін мүлік:
    – Элиталы тұрғын үйлердегі пәтерлер мен паркинг орындары:
    • Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау»
    – Қымбат автокөліктер:
    • Mercedes-Benz S450, Lexus LX 600, Mercedes-Benz EQE, Haval H6 GT
    – Rebel Flowers гүл бизнесіндегі 100% үлесі
    – 97 млн теңге және 22 000 АҚШ доллары

    Адвокат Асланбек Дәулетияровтың мәлімдемесі:
    Сот үкімі шықпас бұрын адвокат Перизат Қайратты кінәсіз деп санайтынын айтып, оның қайырымдылық қызметі шынайы болғанын және айыптауға нақты дәлелдер ұсынылмағанын алға тартты.

    Іс барысындағы детальдар:
    – Сот процесі бірнеше рет жабық режимге ауыстырылды
    – Сотта жәбірленуші тараптар анасы Гайни Алашбаеваны да толық жауапқа тартуды талап етті
    – Мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайратқа 10 жыл, ал анасына 8 жыл сұраған болатын

    Бұл үкіммен қоғамда резонанс тудырған іс бойынша нүкте қойылды. Енді үкім заңды күшіне ену үшін апелляциялық сатыдан өтуі мүмкін.

  • 360 млн-ға интернет, бірақ мұғалімдер өз қалтасынан төледі: СҚО-дағы білім

    360 млн-ға интернет, бірақ мұғалімдер өз қалтасынан төледі: СҚО-дағы білім

    Солтүстік Қазақстан облысының шалғай ауылдарында интернет әлі күнге дейін үлкен мәселе болып отыр. Мәселен, Ақжар ауданындағы Горький орта мектебінде желі жылдамдығы төмен болғаны соншалық, мұғалімдер оқу үдерісін жүргізу үшін роутерге өз қалтасынан ақша шығарып келген. Деп хабарлайды Sona.kz, Azattyq Rýhy мәліметіне сілтеме жасап

    Солтүстік Қазақстан облысының шалғай ауылдарында интернет әлі күнге дейін үлкен мәселе болып отыр. Мәселен, Ақжар ауданындағы Горький орта мектебінде желі жылдамдығы төмен болғаны соншалық, мұғалімдер оқу үдерісін жүргізу үшін роутерге өз қалтасынан ақша шығарып келген.

    Алайда бұл уақытта облыстың 8 аудандық білім бөлімі интернет жүргізуге 360 миллион теңгеден астам қаржыға тендер өткізіп, шарттар бекіткен. Бұл фактілерді СҚО прокуратурасы анықтап, заң бұзушылықтарға жол берілгенін мәлімдеді.

    «Цифрландыруға бөлінген бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған. Ақжар, Айыртау, Есіл, Мамлют, Тайынша, Уәлиханов, Ғ.Мүсірепов және Шал ақын аудандарының білім бөлімдері мектептерге интернет тарту үшін қымбат келісімшарттар жасасқан. Бірақ соған қарамастан, мұғалімдер өздері төлеуге мәжбүр болған», — делінген прокурорлар таратқан хабарламада.

    Прокуратура араласқаннан кейін тендердің құны 75,8 млн теңгеге қысқартылып, бірнеше лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

    Мемлекеттік сатып алу ережесін бұзған шенеуніктердің әрекеті қоғамда резонанс тудырып отыр. СҚО прокуратурасы білім саласындағы осындай қаржылық заңбұзушылықтарды болдырмау үшін тексерулерді жалғастыратынын жеткізді.

  • Үкім уақыты белгіленді: Перизат Кайрат ісі бойынша шешім бүгін шығады

    Үкім уақыты белгіленді: Перизат Кайрат ісі бойынша шешім бүгін шығады

    Перизат Кайрат пен анасы Гайни Алашбаеваға қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі 25 шілде күні сағат 15:00-де шығарылады. Бұл туралы Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Астана қаласындағы соттың хабарлауынша, үкім ашық отырыста жарияланбақ. Бұған дейін процесс бірнеше мәрте жабық форматқа ауыстырылған еді.

    Айта кетейік, бұған дейін прокурор Перизат Кайратқа — 10 жыл, ал оның анасына — 8 жыл бас бостандығынан айыруды және мүліктерін тәркілеуді сұраған болатын.

  • Прокурор: «Садақа – мансап құралы емес»

    Прокурор: «Садақа – мансап құралы емес»

    Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ұрлық пен алаяқтық жасады деген ісі бойынша өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Мадина Оразалина айыпталушыларға қатысты қатаң мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Прокурор сөзін қазақ халқына алғыс білдіруден бастады:
    «Қазақ халқы – жомарттық пен ар-ождан иесі. Бірақ бұл істе біз аманат, адалдық, қайырымдылық ұғымдарының сатылуына куә болдық», – деді Оразалина.

    Оның айтуынша, Перизат Қайрат науқас балаларға, су тасқынынан зардап шеккендерге және Палестина халқына көмек беруге уәде еткен. Ол халықтың сенімі мен қолдауына ие болып, сол мүмкіндіктерді жеке пайдасына пайдаланған.

    «Бұл – жай ғана қылмыстық іс емес. Бұл – прецедент. Енді кімде-кім “қайырымдылық” сөзін жеке пайдасы үшін жамылғы етсе, ол халық үнсіз қалмайтынын, мемлекет көз жұмай қарамайтынын, ал сенім – шексіз емес екенін білуі керек», – деді прокурор.

    Оразалина нағыз мейірімділік пен өзгенің қайғысын саудаға салу арасында нақты шекара болу керектігін айтты.
    «Біз ашық айтамыз: садақа – мансаптың құралы емес. Егер біреу қазақ халқының кеңпейілдігі арқылы пайда табуға тырысса, ол қошеметке емес, сотқа тап болады. Халық сенімі – бренд те, әмиян да емес. Бұл – аманат. Ал аманатты сатқан адам түбінде әшкере болады», – деп түйіндеді мемлекеттік айыптаушы.

  • Адвокат Шекеев: Нұрқанаттың ісінде жауапсыз қалған жайттар бар

    Адвокат Шекеев: Нұрқанаттың ісінде жауапсыз қалған жайттар бар

    Адвокаттың айтуынша, Нұрқанаттың анасы қайғылы оқиға алдында дәрігер Бауыржан Абдрахмановтың Қаржаубай отбасы туралы бейнежазба жариялағанын жеткізген. Жәбірленуші ретінде танылған Жұмабике есімді азаматша осы видеоға байланысты шағым түсіріп, дәрігерден жауап алуды талап еткен. Алайда бұл арыздың соңы «аяқсыз қалған».

    Шекеев мұндай фактілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабына сай толық тексерілмегенін атап өтті.

    Айта кетейік, жасөспірім Шерзаттың өлімінен кейін екі ай өтпей, оның немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев та қайтыс болған. Нұрқанаттың соңғы жазбасы әлеуметтік желіде тарап, қоғамда үлкен талқылауға себеп болды.

  • Сүйген адам қол көтермейді: Карина Мамаш бұрынғы күйеуіне шыққан үкімге пікір білдірді

    Сүйген адам қол көтермейді: Карина Мамаш бұрынғы күйеуіне шыққан үкімге пікір білдірді

    Астанада бұрынғы дипломатты 6 жылға бас бостандығынан айырғаннан кейін, оның бұрынғы жұбайы Карина Мамаш сот үкіміне қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

    «Қыз-келіншектерге айтарым – сүйген адам қол көтермейді. Үмітсіз жағдай жоқ. Елде дағдарыс орталықтары бар, жүрегімен жұмыс істейтін жандар бар. Әділет түбінде орнайды», – деді Карина Мамаш.

    Ол сондай-ақ осы процесте қолдау білдірген барлық жанашыр азаматтарға алғысын айтты.