Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

146 млн теңгенің заңсыз табысы: «Альби» ломбардтар желісінің ісі сотқа жолданды

Тергеу дерегінше, компания ломбард қызметін жүргізу құқығынан айырылғаннан кейін де несие беруді жалғастырған

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026
Зерттеу
A A
146 млн теңгенің заңсыз табысы: «Альби» ломбардтар желісінің ісі сотқа жолданды
WhatsappTelegram

Алматы және Түркістан облыстарында зергерлік бұйымдарды кепілге алып, заңсыз несие берумен айналысқан «Альби» ломбардтар желісінің қызметі тоқтатылды. Тергеу мәліметінше, бұл қызметтен түскен қылмыстық табыс 146 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды SONA.KZ Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, бұған дейін «Альби-Ломбард» ЖШС микроқаржылық қызметпен айналысатын ұйымдардың тізілімінен шығарылған. Соның нәтижесінде компания ломбард қызметін көрсету құқығынан айырылған.

Алайда ұйым жұмысын тоқтатпаған. Атауын «Альби-КМ» ЖШС деп өзгертіп, алтын және басқа да зергерлік бұйымдарды кепілге алу арқылы қарыз беруді жалғастырған.

Заңдағы шекті мөлшерден алты есе жоғары пайыз

Тергеу дерегінше, ломбард бөлімшелері көбіне базарлар мен сауда үйлерінің маңында орналасқан.

Клиенттерді тарту үшін кепілге қойылған бұйымдарды жоғары бағалау және қарыздың несие тарихына әсер етпеуі туралы жарнамалар пайдаланылған.

Ал қарыздар күніне 2 пайыздық мөлшерлемемен берілген.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, бұл заңда белгіленген 0,3 пайыздық шекті мөлшерден алты еседен астам жоғары.

Қарыз шарттары бұрынғы «Альби-Ломбард» компаниясының мөрлері басылған кепіл билеттері арқылы рәсімделген.

Ақша қолма-қол беріліп, сондай-ақ бақылаудағы жеке кәсіпкерлердің банк шоттары арқылы аударылған.

Тергеу нұсқасы бойынша, заңсыз қызметтен түскен табыс 146 миллион теңгеден асқан.

21 пәтер мен қонақүйге тыйым салынды

Қылмыстық іс аясында сот күдіктінің мүлкіне тыйым салуға санкция берген.

Олардың қатарында:

* 21 пәтер;
* 5 жер учаскесі;
* 7 автокөлік;
* 7 гараж;
* 2 дүкен;
* 1 қонақүй бар.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейтінін хабарлады.

Күдіктінің кінәсі сот шешімімен анықталады.

Тегтер: «Альби» ломбардалматыБасты жаңалықтарБасты оқиғалар
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
В области Абай обнаружили 15-метровый карьер, где незаконно добывали золото

Абай облысында заңсыз алтын қазған 15 метрлік карьер анықталды

Жандос Жантаев
10 Қараша, 2026

Абай облысының Жарма ауданында алтынды заңсыз өндіру тоқтатылды. Тергеу дерегінше, бір топ адам Жаңғызтөбе кентінен 10 шақырым...

Казахстанец заявил о потере более $200 тысяч при покупке карьера в Кыргызстане

200 мың доллардан астам қаражатынан айырылған қазақстандық Жапаровқа шағымданды

Жандос Жантаев
9 Қараша, 2026

Қазақстандық Алиджи Афаров Қырғызстанда карьер сатып алу кезінде 200 мың доллардан астам қаражатынан айырылғанын айтты. Қырғызстан президенті...

Алматыда емханада екпе салдырған 14 жастағы жасөспірімнің өлімі тергеліп жатыр

Алматыда емханада екпе салдырған 14 жастағы жасөспірімнің өлімі тергеліп жатыр

Жандос Жантаев
7 Қараша, 2026

Алматы полициясы 14 жастағы Максим Кубаревтің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғады. Анасының айтуынша, баланың жағдайы қалалық №...

Ақтөбеде есірткі дүкеніне төлем қабылдаған айырбастау тобы анықталды

Ақтөбеде есірткі дүкеніне төлем қабылдаған айырбастау тобы анықталды

Жандос Жантаев
2 Қараша, 2026

Ақтөбе облысында есірткі сататын интернет-дүкен үшін төлем қабылдап, ақша аударған деген күдікке ілінген топтың әрекеті тоқтатылды. Аударымдардың...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz