Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Әлеуметтік желідегі «қалыңдық»

Қосшы қаласында алаяқтық дерегі тергелуде

Жандос Жантаев
3 Ақпан, 2026
Зерттеу
A A
Әлеуметтік желідегі «қалыңдық»

фото: newsweek.com

WhatsappTelegram

Ақмола облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан әйелдің әрекетінен 1,5 млн теңгесінен айырылған ер адамға қатысты алаяқтық ісі тергеліп жатыр. Бұл Kazinform мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz.

Полицияның мәліметінше, 2025 жылдың тамыз айында 28 жастағы өңір тұрғыны әлеуметтік желі арқылы әйел адаммен танысқан. Ол өзін Шымкент қаласының тумасы ретінде таныстырып, отбасы сол жақта тұрады деп сендірген.

Бірнеше кездесуден кейін жұп бірге тұруға шешім қабылдап, Астанада пәтер жалдаған. Ер адам сүйіктісін ата-анасымен таныстырғанымен, әйел түрлі сылтаумен өз туыстарымен таныстыруды кейінге қалдырған. Алайда бұл жайт ер адамға күдік тудырмаған.

Бір жарым айдан кейін әйел жүкті екенін айтып, ер адам неке қию туралы шешім қабылдаған. Үйлену тойына дайындық барысында шығынды азайту мақсатында олар Косшы қаласына көшкен.

Зардап шегушінің айтуынша, оның ата-анасы болашақ құдаларға тұрғын үй сатып алу үшін 950 мың теңге берген, сондай-ақ келінге арнап 600 мың теңгеден астам сомаға алтын бұйымдар сатып алған. Осыдан кейін әйел хабарсыз кеткен.

Кейін оның бұрын тұрмыста болғаны және үш баласы бар екені анықталған. Алданғанын түсінген ер адам полицияға арыз жазған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жүрген жері анықталып жатыр.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желі арқылы танысу кезінде сақ болуға, аз уақыттан бері ғана таныс адамдарға ақша мен бағалы заттарды бермеуге шақырды.

Тегтер: Ақмола облысыалаяқӘлеуметтік желіБасты жаңалықтарБасты оқиғалар
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Бопсалау, есірткі және қару: ІІМ 22 қылмыстық топ туралы хабарлады

Бопсалау, есірткі және қару: ІІМ 22 қылмыстық топ туралы хабарлады

Жандос Жантаев
15 Қыркүйек, 2026

2026 жылдың басынан бері Қазақстан полициясы 22 қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. ІІМ мәліметінше, олардың мүшелері заңсыз әрекеттерін...

Салымшылардан 160 млн теңгеден астам қаржы жиналған: The Finiko ісінің күдіктісі Түркиядан қайтарылды

Салымшылардан 160 млн теңгеден астам қаржы жиналған: The Finiko ісінің күдіктісі Түркиядан қайтарылды

Жандос Жантаев
14 Қыркүйек, 2026

2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген The Finiko құрылымдық бөлімшесінің басшысы Түркиядан Қазақстанға қайтарылды. Операцияны қаржылық мониторинг...

223 млн тенге на ожоговое отделение: АФМ расследует возможное хищение спонсорских денег

Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары ауруханаға бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексеріліп жатыр

Жандос Жантаев
11 Қыркүйек, 2026

Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары қалалық аурухананы жабдықтауға бөлінген демеушілік қаражатты жымқыруы мүмкін деген іс бойынша күдікке ілінді....

50 мың теңге 752 мыңға айналған: депутат тексеруді талап етті

50 мың теңге 752 мыңға айналған: депутат тексеруді талап етті

Жандос Жантаев
10 Қыркүйек, 2026

Құрылтай депутаты Юрий Ли азаматтарға қарыз беретін платформалардың қызметін тексеруді сұрады. Ол Alem Credit-ке қатысты түсіп жатқан...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz