Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Әлем жаңалықтары

Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа бермек

Жандос Жантаев
7 Ақпан, 2025
Әлем жаңалықтары
A A
Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа бермек
WhatsappTelegram

Әзербайжан Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатына байланысты Ресейді халықаралық сотқа бермекші. Бұл туралы Әзербайжанның «АПА» ақпарат агенттігі хабарлады.

Әзербайжан билігі Қазақстанның көлік министрлігі ұшақ апаты жайлы алдын ала есепті жарияланғаннан кейін де Ресей тарапының оқиғаға «біржақты пікір беруді» жалғастырып жатқанына наразы.

Баку «ресейлік шенеуніктер, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаға Ресейдің қатысы бар екенін жоққа шығаруды жалғастырып, кінәні экипаждың мойнына ілгісі келіп отыр» деп есептейді. Биліктің пікірінше, Ресейдің мұндай тактикасы 2014 жылы ресейлік «Бук» зенит-зымыран кешені Донбасс аспанында атып құлатқан малайзиялық Boeing 777 жолаушы ұшағы апатын еске түсіреді.

AZAL ұшағына қатысты бұйрық берген және оны атқан адамдар, сондай-ақ қару түрі туралы ақпарат Әзербайжан билігінде бар деп жазды «АПА» агенттігі. Әзербайжан тарапын Мәскеудің «тергеуді басқа бағытқа бұруға және кінәні экипажға артуға» деген талпынысы қынжылтады дейді басылым.

Ресми Баку «Ресеймен диалогқа есік ашық. Мәскеу кінәсін ашық мойындап, жауапкершілікті мойнына алуы керек», – деді.

Тегтер: Azerbaijan AirlinesАқтаудағы ұшақ апатыӘзербайжанБаку-Грозный бағытыБасты жаңалықтарБасты оқиғалар
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
«Бишкек Арена» обошлась не в 60 миллионов долларов: власти Кыргызстана назвали реальную стоимость

«Бішкек Арена» 60 миллион долларға салынбаған: Қырғызстан билігі нақты құнын атады

Жандос Жантаев
9 Қыркүйек, 2026

Қырғызстан билігі соңғы күндері әлеуметтік желілерде қызу талқыланған «Бішкек Арена» стадионы құрылысының нақты құнын жариялады. Бұған дейін...

Түркиядағы мектептегі атыс: 16 адам жараланып, шабуылдаушы өзіне қол жұмсады

Түркиядағы мектептегі атыс: 16 адам жараланып, шабуылдаушы өзіне қол жұмсады

Жандос Жантаев
14 Сәуір, 2026

Түркияның Сиверек қаласындағы мектептердің бірінде жантүршігерлік оқиға орын алды, деп хабарлайды Sona.kz 24KZ-ке сілтеме жасап. Жергілікті билік...

Аңыз адам бақилық болды: Экшн-фильмдердің жұлдызы Чак Норрис 86 жасында өмірден озды

Аңыз адам бақилық болды: Экшн-фильмдердің жұлдызы Чак Норрис 86 жасында өмірден озды

Жандос Жантаев
20 Наурыз, 2026

Әлемдік БАҚ пен «The Sun» басылымы экшн-жанрының аңызы, жекпе-жек өнерінің халықаралық шебері Чак Норристің 86 жасқа қараған...

«Оскар-2026»: «Шайқастан соң шайқас» фильмі басты жүлдені иеленді

«Оскар-2026»: «Шайқастан соң шайқас» фильмі басты жүлдені иеленді

Жандос Жантаев
16 Наурыз, 2026

Лос-Анджелесте 16 наурызға қараған түні 98-ші «Оскар» марапаттау рәсімі өтті. Биылғы кино маусымының басты фавориті - Пол...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz