Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

«Хуторский» тобының жетекшісі деген Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды

Жандос Жантаев
21 Сәуір, 2025
Жаңалықтар
A A
«Хуторский» тобының жетекшісі деген Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды
WhatsappTelegram

Алматы облысында «Хуторский» қылмыстық тобының басшысы ретінде танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу ісі аяқталды.

Қазір тергеу органдары Қасымбаевқа қатысты жинақталған материалдарды сотқа жолдады. Тергеу аяқталып, істің сотқа жолданғанын редакцияға облыстық полицияның баспасөз қызметі растады.

Хасан Қасымбаев былтыр қараша айында ұсталып, қамалған болатын. Тергеу барысында оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша іс қозғалған. Атап айтқанда:

  • Адам ұрлау (ҚК 125-бап)
  • Бопсалау (ҚК 194-бап)
  • Денсаулыққа қасақана зиян келтіру (ҚК 107-бап)

Ұсталған сәтте Хасан Қасымбаевтың туған ағасы Аслан Қасымбаев Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып жүргені анықталды. Аталған дерек те қоғам назарын аудартқан болатын. Кейін ол қызметінен кетті.

Еске салсақ, марқұм Шерзат Полат қайтыс болған төбелестегі жігіттер өздерін «хуторский» деп таныстырған. Алайда облыс полициясы Талғарда ешбір қылмыстық топтың тіркемлегенін хабарлаған еді.

Тегтер: «Хуторский» қылмыстық тобыБасты жаңалықтарБасты оқиғаларХасан Қасымбаев
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Асқар Омаров Қазақстан халық кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sona.kz BES.media⁠ басылымына сілтеме жасап. Бұған...

Ақтөбе облысында тау жынысы опырылып, шахта жұмысшысы қаза тапты

Ақтөбе облысында тау жынысы опырылып, шахта жұмысшысы қаза тапты

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Ақтөбе облысындағы Дон тау-кен байыту комбинатының шахтасында тау жынысы опырылып, 2002 жылы туған кенші қаза тапты. Оқиға...

Қазақстан пойыздарында интернеттің бір бөлігі ақылы болады

Қазақстан пойыздарында интернеттің бір бөлігі ақылы болады

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Қазақстан пойыздарында спутниктік интернетті пайдалану шарттары өзгереді. Мессенджерлер арқылы мәтіндік хабарлама алмасу тегін қалады. Ал фото, дауыстық...

Маңғыстауда мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған бес адам сегіз жылға сотталды

Маңғыстауда мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған бес адам сегіз жылға сотталды

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Маңғыстау облысында мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығару схемасына қатысқан бес адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz