Әлемде мұнай бағасы үш сауда сессиясында қатарынан құлдырап барады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, оның Brent маркасының баррелі бүгін бірден 3,7 пайызға арзандап, 74 доллар 58 центке сатылды. Экономистердің пікірінше, энергетикалық шикізат құнының түсуіне сұраныс азаяды деген алаңдаушылық себепші. Оның үстіне Израиль АҚШ-қа Ислам Республикасының мұнай кеніштеріне емес, әскери нысандарына ғана соққы беруді қалайтынын ескерткен.
Албанияда Трамптың күйеу баласының курорт жобасына қарсы наразылық өтті
Албания астанасы Тиранада жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр. Шерушілер АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің...




