Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Қазақстанда адам ағзасын сатпақ болған шетелдік әйелге сот үкімі шықты

Павлодарда өз бүйрегін сатуға әрекеттенген Ресей азаматына қатысты іс қаралды

Дана Альсеитова
16 Қаңтар, 2026
Зерттеу
A A
Иностранку задержали за торговлю органами в Казахстане: что решил суд

фото: Tengrinews.kz

WhatsappTelegram

Павлодар қаласында адам ағзасын заңсыз сатуға әрекет жасаған шетелдік азаматшаға қатысты сот үкімі шықты. Сот шешімі жарияланғаннан кейін әйел сот залынан босатылды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 37 жастағы Калуга қаласының тұрғыны Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 116-бабының 1-бөлігі («Адамның органдары мен тіндерін заңсыз алып қоюға оқталу») бойынша айыпталған.

Тергеу деректеріне сәйкес, әйел 2024 жылдың соңынан бастап өз бүйрегін сатуға сатып алушы іздеп, интернеттегі түрлі заңсыз ресурстарды тұрақты түрде қараған.

2025 жылдың шілде айында ол Telegram желісінде донор іздеу туралы хабарландыруды тауып, бүйрегін 50 мың АҚШ долларына сатуға келіскен. Келісім шарттарына сәйкес, трансплантация Павлодар қаласында өтуі тиіс болған.

Алайда хат алмасу жүргізілген «сатып алушы» құқық қорғау органдарының жедел іс-шаралары аясында жасырын әрекет еткен тұлға болып шықты.

Шілде айында әйел Астанаға ұшып келіп, кейін Павлодарға барып, пәтер жалдап, медициналық тексеруден өтіп, мәміленің аяқталуын күткен.

17 шілдеде шартты сатып алушы оған 5 миллион теңге көлемінде алдын ала төлем берген. «Сот кабинеті» деректеріне сәйкес, берілген ақшаның басым бөлігі муляж болған. Ақша берілген сәтте әйел ұсталды.

Сот барысында айыпталушы прокурормен процессуалдық келісімге келіп, кінәсін толық мойындады. Сот оның кәмелетке толмаған балалары бар екенін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.

Сот шешімімен шетелдік азаматша 10 айға бас бостандығынан айырылды. Алайда қамауда болған уақытын есепке ала отырып, жазасын өтеген деп танылып, босатылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларКазахстаншетелдік әйел
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Жетісу прокуратурасы «Қорғас» инвесторларынан ҚҚС-ның заңсыз алынғанын анықтады

Жетісу прокуратурасы «Қорғас» инвесторларынан ҚҚС-ның заңсыз алынғанын анықтады

Дана Альсеитова
15 Сәуір, 2026

Жетісу облысының прокуратурасы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының басқарушы компаниясы тарапынан орын алған өрескел заң бұзушылықтарды...

Түрмедегі жемқорлық: Лудоман қызметкер сотталғандардан ақша бопсалап келген

Түрмедегі жемқорлық: Лудоман қызметкер сотталғандардан ақша бопсалап келген

Дана Альсеитова
15 Сәуір, 2026

Павлодар облысының прокурорлары түзеу мекемесіндегі жантүршігерлік жемқорлық фактісінің бетін ашты. Әділет капитаны шеніндегі қызметкер өзінің ойынға тәуелділігін...

Побег через «Кордай»: Алматинский бизнесмен объявлен в международный розыск по делу о сталкинге

Әнел Аманғалиеваның ісі: Қудалау шетелден жалғасуда, полиция күдіктіні ұстауға уәде берді

Дана Альсеитова
15 Сәуір, 2026

Алматылық кәсіпкер М. Б. денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру және қайталама сталкинг (қудалау) істері бойынша ресми түрде...

Air Astana мен FlyArystan жанармай мәліметтерін бұрмалағаны үшін айыппұл арқалады

Air Astana мен FlyArystan жанармай мәліметтерін бұрмалағаны үшін айыппұл арқалады

Дана Альсеитова
15 Сәуір, 2026

Қазақстанның Көлік министрлігі Air Astana және FlyArystan әуе компанияларына қатысты жүргізілген тексеріс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sona.kz...

Қатысты жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында» экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді

Көшпенділер қалашығында» экопарк пайда болды: 500 ағаш егілді

18 Сәуір, 2026
Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды: Полиция тергеу бастады

Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды: Полиция тергеу бастады

15 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында кірпіш құлап жарақат алған бала жасанды комаға түсірілді

Қарағанды облысында кірпіш құлап жарақат алған бала жасанды комаға түсірілді

15 Сәуір, 2026
Қазақстанда жаңа «Әділет» саяси партиясы құрылмақ

Қазақстанда жаңа «Әділет» саяси партиясы құрылмақ

15 Сәуір, 2026
Білім бәйгесіндегі жетістік үшін төлем: Қазақстанда мектеп оқушылары мен ұстаздарды ынталандырудың жаңа тәртібі бекіді

Білім бәйгесіндегі жетістік үшін төлем: Қазақстанда мектеп оқушылары мен ұстаздарды ынталандырудың жаңа тәртібі бекіді

15 Сәуір, 2026
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz