Референдумда Өзбекстанда тұратын 600-дей қазақстандық азамат қатысады деген жоспар бар. Олар Ташкенттегі № 399 референдум учаскесіне келіп дауыс бере алады. КСМ Көрші елде, уақытша тұрып жатқан, жұмыс істеп немесе білім алып жүрген жастар, қазақстандық туристер мен іссапарда жүрген азаматтар өз таңдауын жасайды. Өзбекстан астанасындағы Қазақстан елшілігі жанынан құрылған референдум учаскесінде, қазір дайындық жүріп жатыр. Екі дауыс беру кабинасы мен жәшіктер қойылған. Бұл — шет мемлекеттердегі ең ірі сайлау учаскелерінің бірі. Мүмкіндігі шектеулі жандардың таңдау жасауына да жағдай бар, ол үшін жылжымалы жәшіктерді жеткізетін топтар жасақталды.
«Мектепке жол»: Қонаевта оқушыларға 75 млн теңгеге қолдау көрсетілді
Білім бөлімінің мәліметінше, осы уақытқа дейін мемлекеттік бюджеттен 73 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып, 1442 баланың ата-анасының...




