Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Әлем жаңалықтары

Грузияның экс-президенті Саакашвили 9 жылға сотталды

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили «пенжектер ісі» бойынша тағы 9 жылға сотталды.

Жандос Жантаев
12 Наурыз, 2025
Әлем жаңалықтары
A A
Грузияның экс-президенті Саакашвили 9 жылға сотталды
WhatsappTelegram

«Эхо Кавказа» мәліметінше, Грузияның экс-президенті мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталған.

Сонымен қатар, сот арнайы күзет қызметінің бұрынғы басшысы Теймураз Джанашияны қызмет бабын асыра пайдаланды деп танып, 300 мың лари көлемінде айыппұл салды.

Прокуратураның мәліметінше, 2009 жылдың 1 мамырынан 2013 жылдың 25 ақпанына дейін Саакашвилидің ұйымдастыруымен мемлекеттік бюджеттен 9 миллион лари жұмсалған. Бұл сол жылдардағы шамамен 5,4 миллион доллар. Ақша жеке мақсаттар үшін жұмсалған.

Айыптау актіндегі мәлімет бойынша, Саакашвили мемлекет қаржысына пенжек (пиджак), пәлте сатып алып, ақшаны басқа да жеке мақсаттарына жұмсаған.

Саакашвили 2021 жылдың 1 қазанында Грузияда ұсталды. Қазіргі уақытта ол жазасын өтеп жатыр. Ол екі іс бойынша сотталды: Сандро Гиргвлианиді өлтіргендерге рақымшылық жасағаны үшін және депутат Валерий Гелашвилиді соққыға жыққаны үшін. Екі жағдайда да ол сырттай сотталды.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларГрузияМихаил СаакашвилиСаакашвили
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Албанияда Трамптың күйеу баласының курорт жобасына қарсы наразылық өтті

Албанияда Трамптың күйеу баласының курорт жобасына қарсы наразылық өтті

Жандос Жантаев
16 Қазан, 2026

Албания астанасы Тиранада жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр. Шерушілер АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің...

Қырғызстанда кеденшілер мен шекарашылар жаппай ұсталды

Қырғызстанда кеденшілер мен шекарашылар жаппай ұсталды

Жандос Жантаев
12 Қазан, 2026

Қырғызстанда шекарадағы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен 15-ке жуық кеден және шекара қызметкері ұсталды. Арнайы қызмет өкілдері...

Сауд Арабиясындағы әуежайға тағы соққы жасалып, адамдар қаза тапты

Сауд Арабиясындағы әуежайға тағы соққы жасалып, адамдар қаза тапты

Жандос Жантаев
12 Қазан, 2026

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға тағы шабуыл жасалды. 11 қазандағы соққы салдарынан бір...

Непал мен Тибетте жоғалды делінген үш қазақстандықтың бірі елде болып шықты

Непал мен Тибетте жоғалды делінген үш қазақстандықтың бірі елде болып шықты

Жандос Жантаев
9 Қазан, 2026

Непал мен Тибеттегі табиғи апаттан кейін із-түзсіз жоғалды деп есептелген үш қазақстандық әйелдің бірі Қазақстанда екені анықталды....

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz