Семей тұрғыны енесінің телефон арқылы күмәнді адаммен сөйлесіп жатқанын байқап, дереу полицияға хабарлаған. Бейтаныс адам өзін құқық қорғау қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерді алдап, 10 млн теңгені алмақшы болған.
Жағдайға жедел әрекет еткен полицей Айдана Қозыбаева зейнеткермен байланысып, ешқандай дерек пен ақша бермеу керегін түсіндірген. Соның арқасында алаяқтар алмақшы болған 10 млн теңге дер кезінде бұғатталды.
Полиция тұрғындарға:
— телефон арқылы ешкімге жеке деректер мен банк ақпаратын бермеңіз;
— күмәнді қоңырау түссе, бірден полицияға хабарласыңыз, — деп ескертеді.