Метка: Басты оқиғалар

  • Шенеунік пен кәсіпкер алаяқтық үшін жазаға тартылды

    Шенеунік пен кәсіпкер алаяқтық үшін жазаға тартылды

    Олар жалған жол белгісі жұмыстары үшін мемлекеттік сатып алу ұйымдастырып, орындалмаған жұмыстарға ақша төледі. Сот оларды 8 және 7 жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметтен шеттетті. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

    Сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылған “бонус-малус” жүйесі күшіне енді. Енді сақтандыру құны тек апаттарға ғана емес, ауыр ПДД бұзушылықтарына да негізделеді.

  • Алматыда 10 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріледі

    Алматыда 10 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріледі

    Алматыда әлеуметтік нысандар мен қала тұрғындарының үйлеріне жылу беру 2025 жылдың 10 сәуірінен бастап кезең-кезеңімен тоқтатылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматы әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымын аяқтау және 2025-2026 жылдардағы келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

    Қазіргі жағдай туралы Энергетика және су шаруашылығы басқармасының, «Алматы жылу желілері», «Алматыжылукоммунэнерго», «Алматы электр станциялары», «Алатау Жарық Компаниясы», «Алматы Су», Алматы филиалы «QazaqGaz Aimaq» өкілдері баяндады. Ұйымдардың мәліметінше, 2024-2025 жылдардағы жылу маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Барлығы 404 білім беру, 128 денсаулық сақтау және 8 863 тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген.

    Жылыту маусымын дайындау және өткізу ережесіне сәйкес, Алматыда сыртқы ауа температурасының орташа тәуліктік +8⁰ және одан жоғары болғаны, гидрометеорологиялық қызмет тарапынан бес күн бойы тіркелгені негізінде 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды.

    Жылу беру 10 сәуірден бастап кезең-кезеңімен өшіріле бастайды, алдымен әкімшілік ғимараттар, білім беру мекемелері, мәдениет нысандар және басқалары, кейін тұрғын үйлер (тұрғын үй ғимараттары, жатақханалар, қонақ үйлер) және әлеуметтік нысандар (балабақшалар, емдеу мекемелері, мектептер, кәсіби мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).

    Кеңес барысында биыл ұзындығы 39 км жылу желілерін реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланғаны атап өтілді. Қазіргі таңда жылу желілері 56,1% тозған, қабылданған шаралар арқылы бұл көрсеткішті 54,9%-ға дейін төмендету көзделген.Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Айта кету керек, 2024 жылы қалада 20 км жылу жүйесі жаңартылды, 85 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл жылу беру тиімділігін айтарлықтай арттырып, жылыту маусымын өшірмей аяқтауға мүмкіндік берді.

  • Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды

    Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды

    31 наурызда Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконевті, оның орынбасары Ж. Маймановты және кәсіпкер Б. Жұмашевті пара алғаны үшін кінәлі деп тапты. Олар Жұмашевтен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарты үшін 7,4 млн теңге көлемінде бірнеше рет пара алған.

    Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, олар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан мәңгілікке айырылды.

    Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

  • ШҚО-да полицейлер өртті сөндірді

    ШҚО-да полицейлер өртті сөндірді

    Олар көрші үйдің төртінші қабатындағы балконнан шыққан жалынды байқап, өртті сөндіруге кірісті. Үшінші қабаттағы пәтер есігі құлыптаулы болғандықтан, Қажмұханов балконнан төмен түсіп, су құйылған бөтелкелермен өртті толықтай сөндірді. Өрттің таралуына жол берілмеді, ешкім зардап шеккен жоқ.

  • Валюталық таблолар неге жойылады

    Валюталық таблолар неге жойылады

    Ұлттық банк мұның себебін қазіргі заманғы цифрлық технологиялармен байланыстырып отыр.

    Негізгі себептер:
    – Қазір көп адам валюта бағамдарын онлайн қосымшалар мен сайттардан қарауда.
    – Таблолар көлік қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін, өйткені олар жолда, аялдамаларда және жол белгілерінің жанында орналасқан.
    – Бұл таблолар көше көрінісін бұзып, артық визуалды шу тудырады.

    Алдағы уақытта валюта бағамдары тек айырбастау орындарының ішінде көрсетілетін болады.

  • 230 млн теңге жымқырған алаяқ Бішкектен экстрадицияланды

    230 млн теңге жымқырған алаяқ Бішкектен экстрадицияланды

    2023 жылдың маусымында күдікті Алматыдағы банктердің клиенттері атынан телефон нөмірлерін ауыстыру туралы өтініш жіберіп, бес адамның есепшотына қол жеткізген. Ақшаны “дропперлердің” шоттарына аударып, жалпы 230 млн теңгеден астам қаржы жымқырған.

    Қаңтарда ол Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір тергеу изоляторында отыр. 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Бұған дейін де бірнеше алаяқтар шетелден Қазақстанға экстрадицияланған болатын.

  • Абай облысында тұрғындар үйлерін уақытша тастап шықты

    Абай облысында тұрғындар үйлерін уақытша тастап шықты

    Абай облысының Бородулиха ауданына қарасты Қызылжар ауылында өзендегі мұз кептелісінің салдарынан су деңгейі көтеріліп, бір көшедегі үйлердің ауласына су кіре бастаған. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.

    «5 сәуір кешкісін тұрғындар алдын ала қауіпсіздік мақсатында үйлерінен шығып кеткен. 26 адам уақытша ауыл мектебіне орналастырылды. Мал-мүлікті қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Оқиға орнына 123 адам, 39 техника, соның ішінде үш қайық тартылды. Қазір мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

    6 сәуір күні облыс әкімі Берік Уәли оқиға орнына барып, тікұшақпен өзен арнасын бақылап, жедел штаб отырысын өткізді. Аудан әкімі мен ТЖД басшылары ауылдың 30-ға жуық ауласына су кіргенін хабарлады. Жағдай бақылауға алынған.

    «Қызылжар – жыл сайын су басу қаупі туындайтын ауылдардың бірі. Бұл мәселе менің тікелей бақылауымда. Мұз жару жұмыстарын бүгін кешке дейін аяқтау керек», – деді Берік Уәли.

  • Ақтөбе облысында ер адамды балаларының көзінше пышақтап кетті

    Ақтөбе облысында ер адамды балаларының көзінше пышақтап кетті

    Ақтөбе облысында пышақ ұстаған күдікті ер адамды балаларының көзінше ойын алаңында пышақтап кетті. Қазір ол бостандықта жүр. Бұл туралы Aktobe_live басылымы хабарлайды.

    Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылып, оған күрделі шұғыл ота жасалды. Күдікті бостандықта жүргендіктен оның әйелі мен балаларының да өміріне қауіп төніп тұр.

    Жантүршігерлік оқиға 6 сәуір күні Абай даңғылы, 15А мекенжайындағы балалар алаңында болды. Зардап шеккен отбасының айтуынша, сағат 15:00 шамасында әкесі аз уақытқа кетіп қалғанда үлкен ұлы бес жасар інісіне қарап қалған. Осы уақытта ересек ер адам пайда болып, үлкен ұлының қолынан ағаш сыпырғышпен ұрған. Артынша салпыншақ пышағымен қорқытып, ағасына жақындауға мүмкіндік бермеген.

    Бала осы уақытта әкесіне телефон соғып үлгереді. Ол келіп, жағдайды бейбіт жолмен шешуге тырысқанмен, қаскөй өзін агрессивті ұстап, куәгерлердің айтуынша, әкесін кеуде тұсынан пышақтап кеткен. Мұның бәрі ойын алаңында балаларының және өтіп бара жатқан адамдардың көзінше болған.

    Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Отбасының айтуынша, операция екі сағатқа созылған, ер адамның жағдайы әлі белгісіз.

    Жәбірленушінің әйелі полицейлер арызды бірден қабылдамағанын, ұлына ешқандай соққы жасалмағанын айтып, сылтауратқан. Шабуыл жасаған адам бостандықта және отбасыны қорқытуын тоқтатар емес.

    «Үйден шығуға қорқамын. Ол зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытады. Мен тек әділдік пен қорғауды сұраймын», — деп жазды зардап шеккен балалардың анасы әлеуметтік желіде.

    Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті жауап берді. Олар «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

    «Полиция қызметкерлері күдіктіні пышақтау дерегі бойынша ұстап, полиция бөліміне жеткізді. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ешқайда шықпау туралы жазбаша міндеттемеге қол қойды», — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

  • Павлодарда шенеуніктерге заңсыз пәтер берілгені анықталды

    Павлодарда шенеуніктерге заңсыз пәтер берілгені анықталды

    Пәтерлер комиссия шешімінсіз беріліп, келісімшарттар жасалмаған.

    Мұғалім жетім балаға арналған пәтерді заңсыз иеленген. 70 жалға алушы 6,5 млн теңге қарыз болғанымен, шара қолданылмаған. Кейбір пәтерлер үшінші тұлғаларға берілген, кезекте марқұм азаматтар тіркелген.

    Бос тұрған 65 пәтер 209 мұқтаж азаматқа берілмеген. Ауданның экономика секторы бөлімінің басшысына ескерту берілді.

  • Алматыда 20 мыңнан астам контрафактылық темекі қорабы тәркіленді

    Алматыда 20 мыңнан астам контрафактылық темекі қорабы тәркіленді

    Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тексеру шаралары кезінде 18 603 қорап контрафактылық темекі тауып, тәркіледі. Бұл темекі қораптарында идентификациялау кодтары жоқ немесе белгісіз үлгідегі кодтар қолданылған. Заңсыз өнімнің жалпы құны шамамен 17 миллион теңге деп бағаланды.

    Құқықтық шаралар:
    • Тәркіленген темекі өнімдері бойынша материалдар Алматы қаласының сот органдарына жолданды;
    • Құқық бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

    Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды күмәнді темекі өнімдерін сатып алмауға шақырады. Темекі өнімдерінің шынайылығын “NAQTY ONIM” мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.