Метка: Басты оқиғалар

  • Димаш Құдайберген жанкүйерінің арманын орындады

    Димаш Құдайберген жанкүйерінің арманын орындады

    Кеше Ақтау қаласында өткен «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» концертінде Димаш Құдайбергеннің әндерін жан-тәнімен қосыла шырқаған көрермен желіде көптің жүрегін елжіретті. Концерттен соң, Димаш Құдайберген ақтаулық 23 жастағы жанкүйерімен арнайы кездесті. 

    Димаш Құдайберген оның қолдауына алғысын айтып, қолынан алды. Естелік болсын деп білезігін сыйға тартты.

    «Сенің бейнежазбаңды көрдім. Шығар алдында көріп қалдым. Ағаларыма рахмет, бір өтінішімді жерге қалдырмай, іздестіріп тауып берген. Рахмет саған, шығармашылығыма болысып жүргеніңе», – деді Димаш Құдайберген. 

    Арбада отырған жігіт бала күнінен Димаштың әнін тыңдағанын, жүздесуді армандағанын айтты.

    «Бүгін – менің өмірімдегі бақытты күндерімнің бірі. Бұрын Димашты сахнадан, телеарнадан ғана көрсем, енді жақыннан көріп тұрмын. Арманым орындалды», – деп ағынан жарылды ол.

  • Солтүстік Қазақстан облысында каналдан жаппай балық қырылып жатыр: себептер анықталуда

    Солтүстік Қазақстан облысында каналдан жаппай балық қырылып жатыр: себептер анықталуда

    Солтүстік Қазақстан облысындағы Аралағаш ауылы маңындағы каналдан өлі балықтар табылды. Тұрғындардың айтуынша, су беті толығымен балықпен жабылған. Аққайың аудандық әкімдігі бұл жағдайды судағы оттегінің жетіспеушілігімен түсіндірді. Қыста температураның өзгеруі балықтардың қырылуына себеп болуы мүмкін. Экология басқармасы оқиға орнында тексеріс жүргізіп, сынамалар алды. Зерттеу нәтижесінде заңға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

  • Пышақпен қорқытып, әуежайда дүрліктірген зейнеткер сот алдында

    Пышақпен қорқытып, әуежайда дүрліктірген зейнеткер сот алдында

    Ол билетсіз Астанаға ұшпақ болған. Құжат сұралғанда, ас үй пышағын алып шығып, қызметкерді қорқытқан.

    Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сотта ол бұрын контузия алғанын айтты. Прокурор істі қысқартылған тәртіппен қарауды сұрады. Жәбірленуші оқиғаны еске алып, сотта көзіне жас алды.

    Баратовқа терроризм туралы жалған хабар тарату, кепілге алу және қарумен хулигандық жасау баптары бойынша айып тағылып отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

  • Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

    Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

    Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар мамыр айында 12 күн демалады7 

    Мамырда жұмыс күндеріне тұспа-тұс келетін үш мемлекеттік мереке бар:

    • Қазақстан халқының бірлігі күні –1 мамыр (бейсенбі),
    • Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр  (сәрсенбі)
    • Жеңіс күні – 9 мамыр (жұма).

    Бұл жолы мерекелерге байланысты жұмыс және демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайды.

    Ал алты күндік жұмыс аптасында ел тұрғындары жалпы жеті күн демалады.

  • 12 миллион теңгенің қызғалдағы: Түркістанда Қызыл кітаптағы гүлді терген әйел іздестірілуде

    12 миллион теңгенің қызғалдағы: Түркістанда Қызыл кітаптағы гүлді терген әйел іздестірілуде

    Бұл сәт Ордабасы ауданында түсірілген видеоға жазылып қалған.

    Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр. Заң бойынша мұндай әрекет үшін 3000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

    Мамандардың болжауынша, жұлынған гүлдер – сирек кездесетін Грейг қызғалдағы болуы мүмкін.

  • Магеррам Магеррамов: Бағаларды реттеу болмаса, жалақының өсуі халыққа әсер етпейді

    Магеррам Магеррамов: Бағаларды реттеу болмаса, жалақының өсуі халыққа әсер етпейді

    Оның айтуынша, жалақы мен зейнетақының өсуі инфляцияға байланысты тиімді болмай отыр, өйткені баға өсуі халықтың табысын «жұтып» алады.

    Магеррамов Қазақстанда бағалардың 100-200%-ға дейін өсуі Батыс елдеріндегі 20-30%-дық шектеулермен салыстырғанда жоғары деп есептейді. Ол бағаны реттеу үшін нақты шаралар қабылдауды және бөлшек саудада бақылауды ұсынды. Сонымен қатар, депутат биылғы бюджет қабылданғанымен, келесі жолы бұл мәселе қатаң қаралатынын айтты.

  • Жәнібек Әлімханұлының гонорары қанша?

    Жәнібек Әлімханұлының гонорары қанша?

    IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғаған Жәнібек Әлімханұлының гонорары белгілі болды.

    Sport Salaries-тің мәліметіне сүйенсек, Жәнібек 500 мың доллар алған. Ал Анауэль Нгамиссенгенікі 350 мың долларды құраған. Бұл сома ақылы трансляцияны сатудан түскен қаражатқа байланысты өсуі де мүмкін.

    Жәнібек Анауэльді 5 сәуір күні бесінші раундта құлатқан еді. Сөйтіп, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.

    Нәтижесінде Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабында 17-ші рет жеңіске жетіп, қос чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалды.

  • Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді

    Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді

    Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент атанып отыр.

    «Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанып, ота да, күрделі араласу да қажет болмады», – делінген Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

    Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте жыл басынан бері 6719 сәби дүниеге келген. Оның 3271-і қыз, 3448-і ұл.

  • Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

    Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

    Жақсылық Омар Өскемен қаласын алты жыл басқарды.

    «Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Оған өңірдің барлық мәселесі мен тұрғынының мұң-мұқтажы жақсы таныс. Оның жаңа әрі жауапты қызметке білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін», – деп жазды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желіге.

    Жақсылық Омардың жұбайы – бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның туысы.

  • Атыраулық әйел адамдардан 80 млн теңгеге жуық ақша жымқырған

    Атыраулық әйел адамдардан 80 млн теңгеге жуық ақша жымқырған

    Атырауда 80 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған интернет-алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

    Атырау облысының 31 жастағы тұрғыны онлайн-банкинг арқылы тұрғындарға несие қаражатын қолма-қол алып беретінін айтып, алаяқтық қылмысын жасаған.

    Күдікті осындай жолмен 30 қылмыс жасап, тұрғындарға 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген.

    Қазіргі таңда 31 жастағы күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

    Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға және жеке деректерді құпия ұстау шақырады.