Метка: Басты оқиғалар

  • Министр су тасқынына дайындықты тексеріп жүр

    Министр су тасқынына дайындықты тексеріп жүр

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапарын аяқтап, өңірдің көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

    Инспекцияның екінші күні аясында ведомство басшысы Бөрлі ауданына барып, су тасқыны қаупі бар учаскелерді, салынған бөгендердің ұзындығы мен беріктігін, сондай-ақ тез салынатын бастиондарды қарап шықты.

    «Су тасқыны кезеңінің салдарын болдырмау үшін монтаждау-құрылыс іс-шараларын қоса алғанда, бірқатар күрделі және ауқымды жұмыстар жүргізілді. Су тасқынына қарсы барлық шаралар уақтылы және толық көлемде жүзеге асырылуы маңызды», –  деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

    Министр жергілікті қызметтерге қауіпті аймақтарға ерекше назар аудара отырып, су тасқынына дайындықты жедел аяқтауды тапсырды.

  • Президент мереке қарсаңында бірқатар әйелді мемлекеттік наградамен марапаттады

    Президент мереке қарсаңында бірқатар әйелді мемлекеттік наградамен марапаттады

    Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

    Олардың қатарында:

    • 4 еңбек ардагері;
    • 19  жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
    • 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
    • 6 кәсіпорын басшысы;
    • 3 қоғамдық ұйым өкілі;
    • 7 мемлекеттік қызметкер;
    • 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.

    Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі «Айбын» орденімен

    • Айтмағамбетова Жұлдыз Рахымқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы
    • Ахметова Айман Рахмеджанқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі
    • Әбуева Анаргүл Аманжолқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы
    • Канкина Құралай Темірболатқызы – Бас Прокурордың аға көмекшісі
    • Мұсатаева Балжан Төлеужанқызы – Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі;

     «Парасат» орденімен

    • Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы;
    • Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты
    • Құспан Айгүл Сайфоллақызы  – Парламент Мәжілісінің депутаты
    • Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы» КМҚК әншісі-әртісі

     «Құрмет» орденімен

    • Абиева Раиса Леонидовна – «Абиев А.А.» ШҚ басшысы, Жетісу облысы
    • Ағыбаева Раиса Мұхамедиқызы – Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы
    • Айтбаева Шолпан Сашкенқызы – еңбек ардагері, Астана қаласы
    • Әбдірайымова Тілеукүл Шайымқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Шу» өндірістік бөлімшесінің инженері
    • Әбенова Күлпаш Қайроллақызы – Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК жұмысқа тартылатын бағалаушысы
    • Әзімқұлова Әділет  Срадинқызы  – еңбек ардагері, Түркістан облысы
    • Гияги Роза Римовна – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Арыс жол дистанциясының диспетчері, Түркістан облысы
    • Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы –  «М. Шоқай атындағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі (IT мектеп-лицейі)» КММ мұғалімі, Қызылорда облысы
    • Елеуова Қаракөз Темірбекқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы
    • Земляная Людмила Дмитриевна – «Жер су» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы
    • Кәпенова Гүлмира Амангелдіқызы – «BESTKZ.KST» ЖШС басшысы, Қостанай қаласы
    • Қанапина Гүлнар Бекежанқызы – «Қазақстан Алюминийі» АҚ гидрометаллургы-аппаратшысы, Павлодар облысы
    • Қараева Бибігүл Атшыбайқызы – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 жалпы білім беретін мектеп» КММ мұғалімі
    • Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы – «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС бас директоры
    • Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы – «Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі» МКҚК директоры, Ақтөбе облысы
    • Одинцова Маргарита Владимировна – Жоғарғы Соттың судьясы
    • Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы  –  «Назарбаев университет» ДББҰ вице-провосты, Астана қаласы
    • Үмбеталина Марал Әбдірашқызы  – «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК дәрігері, Шымкент қаласы
    • Хамитова Алмагүл Мәжитқызы –  «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ директоры, Батыс Қазақстан облысы
    • Хорошаш Ғалия Нәсіболлақызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұлттық госпиталі» РМК дәрігері;

    III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

    • Қамбарова Баянгүл Қожабергенқызы  – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы «Қ. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүсмет» ӨБ электрмен дәнекерлеушісі
    • Мадимарова Анар Серікбайқызы – «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС шикіқұрамшысы, Жамбыл облысы
    • Нұрғалиева Зинагүл Әбенқызы – «Altyntau Kokshetau» АҚ шикіқұрамшысы, Көкшетау қаласы
    • Санқыбаева Бахытгүл Қуанышбайқызы –  «Ақ Жайық-7» ЖШС вагон жөндеу депосының кран машинисі, Атырау қаласы
    • Сәрсенова Ботагөз Ғабитқызы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ерейментау жол дистанциясының жол шебері;

     «Ерен еңбегі үшін» медалімен

    • Арпабаева Бибігүл Төлегенқызы – «Өскемен ЖЭО» ЖШС отын-көлік цехының аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы
    • Әбелдинова Надежда Николайқызы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер жөніндегі офицері
    • Бәкірова Қарлығаш  Тастанбекқызы – «№ 13 қалалық емхана» МКК дәрігері, Астана қаласы
    • Жамалиева Әлима Аманжолқызы  –  Ішкі істер министрлігі Астана қаласы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі
    • Жолдыбаева Маржан Жолдыбайқызы  – «Кажсервис» ЖШС Қарағанды облыстық филиалының жол жұмысшысы
    • Игбаева Меруерт Асылханқызы – Сыртқы істер министрлігі департамент директорының орынбасары
    • Қожамсейітова Мақпал Қамашқызы – «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі, Алматы қаласы
    • Молдыбаева Гүлшарат Тоқанқызы – «Астана-АЭК» АҚ жедел-диспетчерлік қызметінің операторы
    • Русинова Ольга Владимировна – «Қазтелерадио» АҚ бөлім басшысы, Алматы қаласы
    • Сарымсақова Айна Абылайқызы –  Шымкент қаласы № 7 округтік сайлау комиссиясының төрағасы
    • Сәрсембаева Жанаркүл Оразалықызы  – «Almaty turmystyq tehnika zavody» ЖШС сапа инспекторы, Алматы облысы
    • Табергенова Айгүл Олжабайқызы – «Дара» қайырымдылық қоры «Ерте қолдау» жобасының жетекшісі, Астана қаласы
    • Тұрсынқанбетова Еркежан Саятқызы – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ бас директорының орынбасары
    • Шек Наталья Анатольевна  – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас маманы, Астана қаласы;

     «Шапағат» медалімен

    • Әлімбаева Динара Төлегенқызы – «Қарағанды қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ аға мейіргері
    • Әуренова Мәдина Дәулетханқызы – «DEMEY» оңалту және түзету орталығы» ҚБ төрағасы және негізін қалаушы, Шығыс Қазақстан облысы
    • Васина Светлана Станиславовна – «Moon-Ай» музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы
    • Жақыпова Жанар Бексұлтанқызы – «New Decision Group» ғылыми-зерттеу агенттігі» ЖШС басшысы, Алматы қаласы
    • Михеева Елена Валериевна – «Moon-Ай» музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы
    • Орынбаева Алтынай Романқызы – «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ бөлім бастығы
    • Уайысова Гүлмәрия Қажағалиқызы – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің мал дәрігері наградталды.

     «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы

    • Аханова Бақытжан Омарғалиқызы –   Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының білім басқармасы «Балалар музыка мектебі» КМҚК директоры;

    «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы

    • Үкібасова Талшын Мұқадесқызы  – «University medical centre» корпоративтік қорының бас консультанты, Астана қаласы;

    «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағы

    • Шелудько Ольга Николаевна – Өнеркәсіп және құрылысы министрлігі «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК Оңтүстік өңір бойынша филиалы Жамбыл облысы бойынша департаментінің сарапшысы;

    «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атағы

    • Ерманова Майра Жұратбекқызы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы — «Жезқазғантүстімет» ӨБ №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикаларының флотаторы, Жезқазған қаласы берілді.
  • Екі есепші балабақшадан 300 миллион теңге жымқырған

    Екі есепші балабақшадан 300 миллион теңге жымқырған

    Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық дерегі анықталды, — деп хабарлайды Бас прокуратура.

    Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

    «Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты», – делінген хабарламада.

    Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

     

  • Аралас жекпе-жек ресми Азия ойындарының бағдарламасына енді

    Аралас жекпе-жек ресми Азия ойындарының бағдарламасына енді

    Азия Олимпиадалық кеңесі (OCA) 2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарына аралас жекпе-жек (ММА) спорты енгізілгенін ресми түрде жариялады.

    Азия аралас жекпе-жек қауымдастығының (AММА) хабарлауынша, ММА спортын Азия ойындары бағдарламасына қосу оның өсіп келе жатқан жаһандық ықпалын және спортты осы деңгейге жеткізу үшін спортшылардың, шенеуніктердің және ұлттық бірлестіктердің қажырлы еңбегін көрсетеді.

    Спортшылар өздерінің физикалық дағдыларын ғана емес, сонымен қатар аралас жекпе-жек өнеріндегі тәртіпті, ынта және жігерін де көрсетеді.

    Жарыс келесі салмақ категориялары бойынша өтеді:

    Ерлер:

    Дәстүрлі стил: 65 кг, 77 кг

    Заманауи стил: 60 кг, 71 кг

    Әйелдер:

    Дәстүрлі стил: 60 кг

    Заманауи стил: 54 кг

    Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары 2026 жылы 19 қыркүйектен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қаласында өтеді.

     

  • Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

    Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

    2025 жылғы 6 наурыз сағат 23:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

    Абай облысы:

    — «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).

    Шығыс Қазақстан облысы:

    — «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс).

    Жолды 7 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар ауа райының бұзылуына байланысты 7 наурыз сағат 00:00-де келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

    Абай облысы:

    «Өскемен-Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (Семей қаласы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).

    Шығыс Қазақстан облысы:

    — «Өскемен-Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы-Абай облысы шекарасы).

    Жолды 7 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

    1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

  • ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?

    ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?

    Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесі қандай болатыны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі хабарлады.

    Сенбі мен жексенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді. 10 наурыз, яғни дүйсенбі кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып, 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

    Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін 21, 22, 23, 24 наурыз демалыс күндері болып саналады. 25 наурыз, яғни сейсенбі күні кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл орталықтар азаматтарды сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.

    Еске салайық, Қазақстанда демалыс күндері болып 8-10 наурыз бен 21-25 наурыз аралығы жарияланған.

  • Қазақстанның басым бөлігінде қалың қар түседі

    Қазақстанның басым бөлігінде қалың қар түседі

    Синоптиктер алдағы жұма, 2025 жылғы 7 наурызға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды.

    «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, республикамыз бойынша боран, тұман, көктайғақ, жел сынды ортақ табиғи құбылыстар белең алады деп күтіледі.

    «Қазақстанның ауа райын солтүстік-батыс циклоны айқындайтын болады, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты, атап айтқанда, еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады деп күтіледі»,  делінген болжамда.

    Сондай-ақ, күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да көпке күшейеді деп күтіледі.

    Бұған дейін синоптиктер 8 наурызда Алматы, Астана және Шымкент қалаларында қар жауатынын ескерткен еді.

  • Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

    Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

    Қазақстанда 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемейтіндерді не күтіп тұрғанын түсіндірді.

    «Жеке тұлғалардан 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Салықты уақтылы төлемеген жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл алынады», – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер департаменті.

    Төлеуге жататын салық сомасын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасындағы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы калькулятор арқылы дербес есептеу керек.

    15 наурыздан кейін көлік иелері екінші деңгейлі банктердің өтініштерінде PUSH хабарламасы түрінде алдын ала есептелген салық сомасын алады. Сондай-ақ салықты банктік қосымшалар арқылы, сондай-ақ «Қазпочта» АҚ арқылы төлеуге болады.

    Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылы Алматыда 456 мың адам 764 мың автокөлікке ие болған. 2023 жылмен салыстырғанда олардың саны 7 пайызға артып, тиісті салықтың жалпы сомасы 19,6 миллиард теңгеден 21,9 миллиард теңгеге өсті.

    Салықтарды уақтылы төлемеген жағдайда салық органдары мәжбүрлеу шараларын қолданады, атап айтқанда салық берешегі туралы хабарламалар жібереді, берешекті өндіріп алуға салық тапсырмаларын береді және оларды мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларына (ЖСҚ) жібереді.

    Өз кезегінде сот орындаушылары борышкерлерге қатысты шараларды қолданады, оның ішінде мүлкі мен банктік шоттарына тыйым салу, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуға шектеу қойылады.

    Сондай-ақ борышкерлер банктік қызметтерді ала алмайды, банк шоттарын аша алмайды, ақша аударымдарын жүргізе алмайды, несие рәсімдей алмайды және т.б.

    Көлік салығына қатысты сұрақтарыңыз болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз.

  • Наурызда қазақстандықтар неше күн демалады?

    Наурызда қазақстандықтар неше күн демалады?

    Қазақстандықтар наурызда 31 күннің 17-сінде жұмыс істеп, 14 күнінде демалады.

    «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз күнгі демалыс сенбіден 10 наурыз, дүйсенбіге ауысты).  21-23 наурыз – Наурыз мейрамы (наурыздың 22, 23 сенбі мен жексенбі , сондықтан, 24, 25 наурыздың демалыстары дүйсенбі мен сейсенбіге ауысты)», – деп хабарлады Азаматтарға арналған үкімет порталы.

  • Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін биткоин қымбаттады

    Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін биткоин қымбаттады

    АҚШ президенті Дональд Трамп елдің криптовалюталарының стратегиялық резервін құру туралы мәлімдеді, бұл бірден биткоиннің бағасына әсер етті.

    Barrons порталы ақпаратынша, Binance биржасында биткоиннің Астана уақыты бойынша 22:23-тегі жағдайы тәулігіне 7,62%-ға – 91 530 долларға дейін өсті. Мәлімдемеге дейін биткоин 85 мың доллар аймағында саудаланып тұрды, ал жұма күні тіпті 80 мыңға дейін құлдыраған болатын.

    20-дан астам биржаның орташа бағасын есептейтін CoinMarketCap порталының мәліметтері бойынша, биткоиннің құны 7,93%-ға – 91 724 долларға дейін өсті.

    Айта кетейік, Трамп елдің криптовалюталарының стратегиялық резервін құру туралы қаулыны мәлімдеді Оның Truth Social әлеуметтік желісіндегі жарияланымына сәйкес, жаңа криптовалюта резервіне Cardano (ADA), Solana (SOL), Ripple (XRP) сияқты криптовалюталар кіреді. Кейінірек ол биткоин мен Ethereum АҚШ-тың стратегиялық криптовалюта резервінің негізі болатынын айтты.