Метка: Қонаев
-

Қонаевта 14,3 мың гектар жер пайдаланылмай жатқаны анықталды
Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылы 15,7 мың гектар, ал 2025 жылы 14,3 мың гектар жердің мақсатқа сай пайдаланылмай жатқаны анықталған. Мұндай учаскелер — ауыл шаруашылығы айналымына тартылмаған, инфрақұрылым немесе өндірістік жобаға айналдырылмаған бос жатқан аумақтар.Мемлекетке қайтарылған жерлер:2024 жылы 4230 гектар жайылымдық жер мемлекеттік босалқы жер қорына қайтарылған. Оның ішінде:•668,9 га – жер иелерінің ерікті түрде қайтаруымен;•339,2 га – Қонаев қалалық сотының шешімімен.Ал биыл, 2025 жылдың басынан бері:•1490 гектар жер сот шешімімен мемлекетке қайтарылды;•оның 150 гектары – иелері тарапынан өз еркімен берілген.Сонымен қатар 1121 гектар жерге қатысты материалдар Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, салық мөлшерлемесін 20 есеге дейін арттыру шаралары қарастырылған.Неге бұл жұмыстар жүргізілуде?Жер — мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік ресурсы. Оны мақсатсыз иемдену немесе пайдаланбау — заңбұзушылық қана емес, қоғам игілігінен тыс қалдыруды білдіреді.Мемлекет пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару арқылы:•ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға,•жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға,•инфрақұрылым жүргізуге,•жайылым тапшылығы мәселесін шешуге жол ашады.Қонаев қаласы әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, жер пайдаланушыларға жерді тиімді игеру жөнінде талаптарды еске салады. Талап орындалмаған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қабылданады. -

Қонаев әкімдігі халықтың жиі қоятын сұрақтарына жауап берді
Қонаев қаласында әлеуметтік дүкендер бар ма?
Қазіргі уақытта Қонаев қаласының аумағында 2 әлеуметтік дүкен және 14 әлеуметтік бұрыш бар.
Ал әлеуметтік бұрыштар келесі дүкендерде жұмыс істейді:
«Хан Тенгри» дүкені, 5 шағын ауданы, №16 ғимарат;
«№1 Әлеуметтік дүкен», 1 шағын ауданы, №14 үйдің жанында;
«№1 Әлеуметтік дүкен», 4 шағын ауданы, Жамбыл көшесі «Айша Сити» базарының жанында;
4) «Аян» дүкені, 4 шағын ауданы, №4 ғимарат;
5) «Продукты» дүкені, 2 шағын ауданы, №3А үйінің жанында;
6) «Сымбат» дүкені, 19 шағын ауданы, №1 ғимарат;
7) «Мадина» дүкені, 1 шағын ауданы, №39/1 ғимарат;
8) «Чайка» дүкені, Жамбыл даңғылы №14/1 ғимарат;
9) «На Юбилейном» дүкені, 3 шағын ауданы, №5/1 ғимарат;
10) «Бастау» дүкені, 5 шағын аудан, №38/1 ғимарат;
11) «Бахтияр» дүкені, 3 шағын аудан, 16 үй, №61 ғимарат;
12) «Волна» дүкені, «Арна» шағын ауданы, №62 ғимарат;
13) «Бастау» дүкені, Шеңгелді ауылы, Жиенқұлов көшесі №10/8;
14) «Адал» дүкені, Шеңгелді ауылы, Жиенқұлов көшесі №10/7;
15) «Каусар» дүкені, Шеңгелді ауылы, Бақтыбай ақын көшесі №10/2;
16) «Сенім-маркет» дүкені, Шеңгелді ауылы, Жиенқұлов көшесі №10/3.
НҚА-ға сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300032474/history
Спортшылар мен жаттықтырушыларға қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Спортшылар мен жаттықтырушыларға бірқатар жеңілдіктер мен қолдаулар ұсынады: мемлекеттің қаржылай көмегі, ынталандыру төлемдері, марапаттау рәсімдер, білім беру және инфрақұрылымдық қолдау.
Бұл шаралар олардың кәсіби деңгейін арттыруға және халықаралық ареналарда ел намысын қорғауға бағытталған.
Қаржылай қолдау: Мемлекет жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы төлемдер тағайындайды. Мысалы, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегерлері, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшыларға 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 2023 жылы 345 000 теңге көлемінде ай сайынғы төлем қарастырылған.
Ынталандыру төлемдері: Спортшылардың жоғары нәтижелеріне байланысты олардың жаттықтырушыларына да ынталандыру төлемдері беріледі. Бұл шара жаттықтырушылардың еңбегін бағалап, олардың жұмысын ынталандыру мақсатында енгізілген.
Марапаттау рәсімдері: Әкімдік жыл сайын үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау рәсімдерін ұйымдастырады. Мысалы, Алматы облысында «Хан Тәңірі» сыйлығы бойынша үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға төсбелгілер, Құрмет грамоталары және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Білім беру және инфрақұрылымдық қолдау: Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен жоғары оқу орындарының жанынан спорт клубтары мен командалар құрылады. Бұл жас спортшыларды даярлау және олардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
НҚА-ға сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000228
Мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қалай ала алады?
Мүгедектер жеке оңалту бағдарламасына сәйкес оңалтуға арналған техникалық құралдарды ала алады. Ол үшін қағаз немесе электронды түрде өтініш беру қажет.
Мүгедектер оңалту бағдарламасына сәйкес өтініш береді.
Өтініштер мыналар арқылы беріледі:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) аудандардың, қалалардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арқылы;
3) Мобильді абоненттік құрылғы – проактивті қызмет;
4) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы. Қызмет бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Уәкілетті орган өтінішті қабылдайды және әлеуметтік қызметтер порталына жібереді.
НҚА-ға сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000228
Қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын кімдер пайдалана алады?
Тегін жол жүруге жеңілдіктер алу үшін Қонаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне немесе Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне құжаттар тізімін ұсыну қажет. Жәрдемақыға құқығы расталғаннан кейін өтініш берушіге жол жүру картасы беріледі.
Жеңілдікті алу құқығын растау үшін келесі құжаттар қажет:
-жеке куәлік (немесе туу туралы куәлік – 18 жасқа дейінгі балалар үшін);
-арнайы жеңілдік санатына жататынын растайтын құжат (мүгедектік туралы анықтама, соғыс ардагері куәлігі, көпбалалы ананың куәлігі және т.б.);
-мүгедектігі бар балаларды алып жүру құқығы бар тұлғалар үшін баланың мүгедектігін растайтын құжат;
-жергілікті әкімдік немесе әлеуметтік қорғау бөлімінен берілетін арнайы анықтама (кейбір өңірлерде талап етілуі мүмкін).
Жеңілдікті:
— Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар;
— 75 жастан асқан зейнеткерлер;
— екінші топтағы мүгедектер және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
— 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар;
— басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері ала алады.
НҚА-ға сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000228
-

Аулаларды абаттандыру: Қонаевта 60 алаң жөнделді
Соңғы 6 ай ішінде 60-тан астам балалар алаңы ағымдағы жөндеуден өтті. Жөндеу барысында орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, шағын сәулеттік нысандар қалпына келтірілді, сондай-ақ алаңдарға бетон төселді.
«Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тағы 10-нан астам балалар және спорт алаңын жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар «Аулаларды абаттандыру» жобасы да жалғасын табады. 2021 жылдан бері 38 аула толық абаттандырылып, халық игілігіне берілді», – дейді Қонаев қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев.
Оның айтуынша, тұрғындарға қолайлы орта құру тек қаланың көркін арттыру емес, балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін де маңызды қадам.
Сондай-ақ көше жарықтарын жаңарту бағытында да жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Биыл Қарлығаш, 12А және 12Б, Гүлдер, Мостоотряд-25, Құрылысшы шағынаудандары мен Қонаев, Абай көшелерінде түнгі жарықтар орнатылып, сәндік шамдар ауыстырылады. Бұдан бөлек, тұрғындарды үздіксіз электр энергиясымен қамту мақсатында қуатты трансформаторлар ауыстырылып, жоғары кернеулі желілерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, балалар алаңдарын жөндеу және көше жарықтарын орнатуға қатысты өтінімдер 109-Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қабылданып, кезең-кезеңімен іске асырылуда.
-

Қонаев қаласында «Таза аула» конкурсы өтіп жатыр
Байқауға кез келген тұрғын, пәтер иелері кооперативтері, мекеме ұжымдары, белсенді топтар, ПИК/МИК қатыса алады. Талап біреу – үйдің, мекеменің ауласы ерекше көгалданған әрі таза болуы тиіс. Конкурстың алғашқы кезеңі 15-30 мамыр аралығында өтеді.Қатысушылар өз аулаларының фото-бейне материалын, мекенжайын, аты-жөнін 87017196240 ватсап нөміріне жолдауы қажет.Бағалау критерийлері қандай?1. Гүлдендіру жұмыстары (гүлзарлар, композициялар, қолдан жасалған гүл бақшалар);2. Көгалдандыру деңгейі (ағаштар, газондар);3. Тазалық пен ұқыптылық (ауланың қоқыстан таза болуы);4. Қатысушылардың белсенділігі (тұрғындардың жұмылдырылуы, ұжымдық жұмыс).Қосымша шарттар бар ма?1. Тек конкурс уақытында емес, жасыл желектерге үнемі күтім жасалуы тиіс;2. жүлдегер атанған қатысушы келесі конкурстарға қатыса алмайды;3. жүлделі орынға ие болмаған қатысушылар келесі конкурстарға қатысуға мүмкіндігі бар;4. көгалдандырылған аймаққа қазылар алқасы барып, әр мүшесі жеке бағалайды.Жүлде қоры келесідей:І орын — 300 000 теңге.ІІ орын — 200 000 теңге.ІІІ орын-100 000 теңге.Жарыс жеңімпаздарын марапаттау уақытын қала әкімдігі қосымша хабарлайды. -

Қонаев әкімдігі ауыз суды пайдалану туралы мәлімдеме жасады
«Қонаев қаласының әкімдігі бақшалары бар жеке тұрғын үй иелерінен ауыз суды тиімді жұмсауды сұрайды. Жаз мезгілінде, әсіресе, күндізгі уақытта су тұтыну көлемі артады. Осыған байланысты кейбір тұрғын үйлердің жоғары қабатына су жеткіліксіз деңгейде баруда», — деп жазды әкімдік әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әкімдіктің түсіндіруінше, артық жүктемелер халықты ауыз сумен тұрақты қамтуға кері әсерін тигізуде. Бұған қоса, қала үлкейіп, көптеген нысандар қолданысқа берілуде. Сондықтан қазіргі инфрақұрылымның қуаты аз болып тұр. Бүгінде ШЖҚ «Қонаев Су Арнасы» МКК қаланы күнделікті 20 мың текше метр ауыз сумен қамтып отыр. Су үздіксіз берілуі үшін түнгі сағат 22:00 мен таңғы 06:00 аралығында бақшаларды суаруға кеңес беріледі.
Ақпаратқа сүйенсек, мәселені шешу жолдары қарастырылып қойған. Мысалы, Қапшағай су қоймасынан су алатын суару құбырының құрылысын жобалауға бюджеттен қаражат бөлінген. Бұл жоба іске асқанда жасыл желектерді техникалық сумен суарып, ауыз су қоры сақталады. Сондай-ақ қала әкімінің резервінен №8 және №9 ұңғымаларды жөндеп, қалпына келтіруге қаржы бөлінді. Бүгінде аталған нысандар іске қосылуға дайын. Қала ішіндегі су қысымын арттыру мақсатында сүзгі стансасына қосымша Д1250/80 сорғысы орнатылды. Сонымен қатар қуаты тәулігіне 50 мың текше метрге дейін артатын сүзгі станциясын қайта құру және Қапшағай су қоймасындағы су деңгейіне тәуелсіз жұмыс істейтін сүзгі станциясын жаңғырту жобасының сметалық құжаттамасы әзірленуде.
«Қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтер тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауда. Осы орайда әр азаматтың суды тиімді пайдаланып, ортақ жауапкершілік танытуы маңызды», — делінген хабарламада.
-

Тігіншіліктен қоғамдық жобаға дейін: Жанат Қалжанованың жеңісті де жемісті жолы
АНАМ ТІГІНШІ ЕДІ
Анам еңбек сабағынан мұғалім болды. Қартайған шағына дейін тігін тігетін. Кішкентайымнан анама көмектесіп жүретінмін. Осылайша, маған да тігіншілік өнері дарыды. Кейіннен қызым да осы саланы таңдады. Биыл дизайнер мамандығын меңгеріп, ЖОО аяқтайды. Оның бірақ таңдаған бағыты басқа. Қызым той көйлектерін, түрлі стильдегі киімдерді тіккенді ұнатады. Қазірдің өзінде шәкірт тәрбиелеп, жастарды тігін саласына баулуда. Ал мен құрақ көрпенің неше түрлісін ойлап тауып, тігіп, келістіріп, осы бағытта 18 жыл қызмет етіп келемін.
ТІГІН ЦЕХЫН АШУҒА НЕ ТҮРТКІ БОЛДЫ?
2007 жылы «Ана сәулесі» көпбалалы аналар қауымдастығының іргесін қаладым. Ол кезде халыққа жұмыс жоқ, сондай қиын кезең еді. Әкімдіктің мамандары жертөледен кеңсе тауып берді. Сонда көпбалалы аналар барлығымыз бірігіп, шағын тігін цехының жұмысын бастадық. Қазір цехымыз үлкейді. 10-нан астам қызметкеріміз, бірнеше станоктарымыз бар. Қыз жасауын жасап, ел алғысын алып келеміз. Қоғам өміріне белсене қатысып, басқаларға көмек берген еңбегіміз еленіп келеді. Тіпті, шетелдерге тапсырыстарды жеткізіп жатырмыз. Алматының үлкен базарларындағы кәсіпкерлермен де етене жұмыс істеудеміз.

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАЛАЙ ТӨТЕП БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Бүгінде кәдімгі көрпеден бастап, 3D және күрделі құрақпен жасалған көрпелер тігеміз. Оның ішінде де түр-түрге бөлінеді: құдағи көрпе, махаббат көрпесі, жалғыз кісілік көрпе, төсек жинақтары. Үнемі даму үшін ізденіс үстіндеміз. Біздің басты мақсат – сапаны күннен күнге арттыру. Сондықтан тапсырыс берушілер өте көп, бәсекеліктен де қорықпаймыз. Адал еңбек алтын сапаның көрсеткіші.
МАМАНДЫҚТЫ ИГЕРУ ҮШІН АДАМ БОЙЫНДА ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕР ТАБЫЛУЫ ҚАЖЕТ?
Кез келген мамандықты меңгеру үшін ең алдымен ынта, қызығушылық қажет. Сонда ғана алынбайтын асу жоқ. Бізге небір қыздар тәжірибе жинауға, жұмысқа тұруға келеді. Бір ай ішінде нәтиже көрсететіндері де, көрсетпейтіндері де болады. Атүсті қараса, қош айтысамыз. Ал егер талпынса, онда қолынан іс келгенше үйретеміз. Жетістіктің кілті осы ынта мен ішкі жігерде жатыр.

Жанат Қалжанова Мансап орталығының ұсынған «Күміс жас», Қоғамдық жұмыс орындары бағдарламалары арқылы да азаматтарды жұмыспен қамтып отыр.
Ол – анадан дарыған тігіншілік өнерін ұрпағына жалғап, он саусағынан өнер тамған қолөнерші ғана емес, сонымен қатар әйелдердің, әсіресе, көпбалалы аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосып жүрген азамат.
Жанат апайдың еңбек жолы — жас буынға үлгі. Оның өмірлік ұстанымы мен табандылығы, адал еңбегі мен сапаға деген талабы — кез келген кәсіп иесіне өнеге боларлық.
-

«Таза Қазақстан»: Қонаевта күніне 65 тоннадан астам қоқыс шығарылуда
Бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
«Көшелерді, аулаларды тазарту, шөп шабу, қарағаш жапырақтарын жинау, арықтарды тазалау сияқты жұмыстар күн сайын жүргізілуде. Тазалыққа 60 жұмысшы мен 10 арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен қатар ірі көлемді құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қатты қалдықтар да жиналып, күн сайын 65 тоннадан астам қоқыс қала аумағынан шығарылып отыр», — деп жазды әкімдік.
Қала әкімдігі тазалық сақтау – тек коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялардың емес, барша тұрғынның ортақ міндеті екенін еске салды. Қаланың көркейіп, дамуы – әрбір азаматтың үлесінде.
-

Қонаевта 10708 бала жазғы лагерьге барады
Мәліметке сүйенсек, биыл 1-11-сынып аралығында 12558 оқушы мектепті аяқтайды. Оның ішінде:
1. Жалпы білім беру мекемелерінің жанынан 14 алаң құрылады. Бұл лагерьде 10483 бала демалады. Лагерь аптасына 5 күн таңғы 9.00-12.00 аралығында жұмыс істейді.
2. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Жаздық жолдама» жобасы бойынша 5-8 сыныптан 50 оқушыны лагерьге жіберу жоспарлануда.
3. Сондай-ақ жалпыға бірдей білім беру қорының қаражатына 175 бала жазғы демалыспен қамтылады.«Лагерьлерге ең бірінші кезекте жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасылардан шыққан, ерекше оқытуды қажет ететін балалар жіберіледі», – делінген ақпаратта.
Аталғандардан бөлек, Алматы облысының көрікті жерлеріне 2883 баланы экскурсияға жіберу жоспарланған. Ал жазғы мектеп пен тілдік мектепке 4840 оқушы барады.
Сонымен қатар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында арнайы әдістемелік жоспар әзірленді. Ол бойынша жазғы уақытта бірқатар жобалар жүзеге асырылып, экоакциялар, шеберханалар, науқандар мен тимбилдингтер ұйымдастырылады. Бұл шаралардың дені жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға, табиғатты аялауға, еңбекке баулуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
-

Қонаевта Отан қорғаушы күні қалай аталып өтті?
Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жиналған қауым LED-экраннан Астанада өткен әскери парадты тамашалады.
Іс-шара барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйледі. Ол Президенттің тапсырмасымен еліміздің Қарулы Күштерінде жүйелі жаңғырту жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жаңғыру үстінде. Олар ұлттық қауіпсіздіктің кепіліне, қоғамның тірегіне айналуда. Біздің Отан қорғаушыларымыз тек шекараны күзетіп қана қоймай, азаматтық келісімді нығайтуға және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді», – деді өңір басшысы.
Мерекелік шара аясында марапаттау рәсімі өтті. Алматы облысы әкімінің атынан Қонаев гарнизонының және Ұлттық ұланның жиырма шақты әскери қызметшісіне алғыс хаттар табысталды. Марапатталғандар арасында полковник Жеңісжан Байжан, подполковник Данияр Маменов пен Берік Елікбаев, гвардия майоры Дархан Жәнсікбаев, майор Нұрлан Ожаров, лейтенант Лаура Бекболатова және сержант Елдос Қарбозов пен өзге де қызметкерлер бар.
Мерекелік көңіл-күйді шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарлама жалғастырды. Сонымен қатар №20030 әскери бөлім аумағында заманауи әскери техника көрмесі ұйымдастырылды. Облыс әкімі бөлімнің материалдық-техникалық базасымен танысып, жабдықталу деңгейіне жоғары баға берді.
-

Қонаевта ҰОС ардагеріне 5 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді
«Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Осыған байланысты Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы Отан соғысының ардагері Оксана Бетебаеваға 5 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетті», — деп жазды баспасөз қызметі.
Әжей 1920 жылы дүниеге келген. Жолдасы екеуі қан майданда табысып, отау құрған. Өзі жаралы әскерилерді емдеп, медбике болса, күйеуі жау әскеріне қарсы соғысқан. Кейіннен Қонаев (ол кезде Қапшағай) қаласына көшіп келген. Қазір әже бала-шағасымен бірге тұрады.
«Жеңіс күніне орай, әжеге Қонаев қаласынан пәтер кілті табысталғанын да айта кетейік», — делінген мәліметте.
Сондай-ақ шаһарда ҰОС қатысушылардың жесірлеріне, 117 тыл еңбеккерлеріне 58980 теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Барлығы 7 431 480 теңгені құрады.