Рубрика: Аймақ

  • Жамбыл облысында ер адам есірткіні балабақшаға барып өртеген

    Жамбыл облысында ер адам есірткіні балабақшаға барып өртеген

    Жамбыл облысында ер адам есірткіні балалар жүрген бақшаға барып өртегені анықталды. Ер адамның үйін және іргелес аумақтарды тінту кезінде есірткі қойылған бірнеше жасырын орын анықталды.

    Сараптама нәтижелеріне сәйкес, табылған заттар салмағы 2 келіден асатын гашиш және 23 грамнан астам кептірілген марихуана болып шықты.

    «Күдікті есірткіні әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы бола тұра бірге тұратын үйлерінде сақтаған. Есірткіні өңдегеннен кейін қалған қалдықтарын жақын жерде кішкентай балалар ойнап жүргеніне қарамастан, бақшасында өртеп жіберген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

  • Есік көліне апартын жол көктемге дейін жабылды

    Есік көліне апартын жол көктемге дейін жабылды

    Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарлауынша, бұл шектеу қар көшкіні мен төтенше жағдайлардың алдын алу үшін енгізіліп отыр.

    – Түрген – Обсерватория тас жолы бойындағы Түрген орман шаруашылығының бақылау-өткізу пункті арқылы ұлттық паркке баруға жаяу жүргіншілерге, сондай-ақ жеңіл, жүк және жолаушылар көлігіне сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтуге рұқсат етілген, – деп түсіндірді мекемеден.

    Кешкі сағат 18: 00-ден таңғы сағат 10:00-ге дейін өтіуге тыйым салынады. Қазақстанда көшкін қаупі бар 619 учаске бар, оның 165-і Алматы қаласында орналасқан. Соңғы жылдары қысқы демалыс түрлерінің танымалдылығы артқаннан кейін адамдардың өміріне қауіп айтарлықтай өсті.

    «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша 2025 жылдың қаңтар және ақпан айларында таулы аумақтың басым бөлігінде жоғары температура мен мол жауын-шашын болады. Бұл қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына алып келеді және көшкін қаупі бар оқиғалардың ықтималдығын арттырады.

     

  • Жетісулық жас баскетболшылар АҚШ-қа жолдама алды

    Жетісулық жас баскетболшылар АҚШ-қа жолдама алды

    Жетісу облысының баскетболдан жасөспірімдер командасы Алматыда өткен JUMP ашық турнирінің жеңімпазы атанып, АҚШ- қа жолдама ұтып алды. Жас спортшылар жазда 2 апта шетелде жаттығады.

    2025 жылдың 25-26 -шы қаңтар аралығында Алматы қаласында 3×3 баскетболдан U-16 санатындағы жасөспірімдер арасында JUMP ашық турнирі өтті. Бәсекеге Қазақстанның облыс, қалаларынан 18 команда қатысты. Екі күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанып, АҚШ-та өтетін оқу-жаттығу лагеріне жолдама алды.

    «Бұл турнир елімізде 2 жылдан бері өтіп келеді. U 16 жас санатында біздің өңірдің спортшылары тұңғыш рет жеңімпаз атанып, шетелге бара жатыр. АҚШ- тың Пенсильвания штатына барады. Ол жақта оларды белгілі баскетболшы Джерри Джонсон күтіп алады», – деді Жетісу облысының денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз бөлімінің басшысы Алуа Оспанжан.

    АҚШ- қа жолдама алған команда құрамында Мұқаш Жасұлан, Құрманғазы Ерзат, Байораз Радмир, Еркін Мирас сияқты жас спортшылармен бірге жаттықтырушы Анатолий Васильевич те бар.

    «Мен бұл команданың жаттықтырушысы болып 2018 жылдан бері жұмыс істеймін. Мұндай деңгейдегі жеңіс мен үшін, жаттықтырушы ретінде өте үлкен және жоғары жетістік. Командамды мақтан тұтамын және олардың жаттығу процесі өз нәтижесін бергеніне қуаныштымын. Бұл – Текелі спорт мектебінің жемісі. Жетісу облысының құрамында 2009-2010- шы жылдар аралығында 3 рет Қазақстан Республикасының чемпионы атанған балалар бастапқыдан-ақ жеңіске ынтық болды. Және дегендеріне жетті», – деді Жетісу облысы баскетбол құрамасының жаттықтырушысы Анатолий Бормотов.

     

     

  • Оралда студенттерді бопсалады деген күдікпен қыздар ұсталды

    Оралда студенттерді бопсалады деген күдікпен қыздар ұсталды

    Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.

    «Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген», – деп жазды ҚР ІІМ.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

  • Жетісу облысында 111 млн теңгенің 26 мың гектар жері мемлекетке қайтарылды

    Жетісу облысында 111 млн теңгенің 26 мың гектар жері мемлекетке қайтарылды

    Жетісу облысында жерді пайдаланушылар заң талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы 38 жер учаскесін мақсатқа сәйкес пайдаланбаған.

    Прокуратура мәліметінше, Қаратал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 26 мың гектар, кадастрлық құны 111 миллион теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.

    «Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауы шегінде жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал субъектілерге пайдалануы үшін беруге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

  • Әсет Масабаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Әсет Масабаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Алматы облысы әкімінің өкімімен Әсет Дүйсебекұлы Масабаев 2025 жылғы 23 қаңтарынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Әсет Дүйсебекұлы 1985 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Электрэнергетикалық жүйелер және тораптар» мамандығы бойынша, 2014 жылы Экономика және құқық академиясын «Қаржы» мамандығы, Ресей халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2007 жылы «Алматы электр станциялары» АҚ-ның электромонтеры болып бастаған.
    Әр жылдары «Наз» ЖШС-ның бас энергетигі, «Алмаз және КЮС» ЖШС техникалық директоры, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бөлім басшысы, Алматы қаласы Жетісу және Медеу ауданы әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Жетісу облысы Талдықорған қаласының әкімі лауазымдарында қызмет атқарған.

    2024 жылғы 16 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін «ULKEN GROUP LTD» жеке компаниясының басқарушы директоры лауазымында қызмет етті.

  • Шал ақын ауданында үй өртеніп, әкесі мен 4 баласының мәйіті табылды

    Шал ақын ауданында үй өртеніп, әкесі мен 4 баласының мәйіті табылды

    Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында жер үй өртеніп, оқиға орнынан бес адамның денесі табылды.

    Дереккөзге сүйенсек, өрттен кәмелет жасына толмаған үш бала және 18 жастағы бір қыз, сондай-ақ олардың әкелері мерт болған.

    «Түнде 112 пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылындағы жер үйлердің бірі өртеніп жатыр деген ақпарат түсті. Өрт сөндірушілер келгенде үй толығымен отқа оранып, үйдің төбесі ортасына түскен. Өртті сөндірген құтқарушылар екі адам мен үш баланың мәйітін тапты», – деп хабарлайды СҚО төтенше жағдайлар департаменті. 

    Ал, біздің редакцияға ақпарат берген СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттен 1984 жылғы әкесі, 2006 жылы туған қызы мен кәмелет жасына толмаған екі қызы мен бір кішкентай ұлы қаза тапқанын растады.

  • Алматы облысында жыл басынан бері 73 жол-көлік оқиғасы болды

    Алматы облысында жыл басынан бері 73 жол-көлік оқиғасы болды

    Жыл басынан бері Алматы облысының аумағында 73 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 10 адам қаза тауып, 125 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

    Апаттардың негізгі себептері – жол қозғалысының қарапайым ережелерін бұзу және жүргізушілердің назарынан тыс қалу.

    Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылармен күнделікті профилактикалық әңгімелер өткізіп, жолдарда ережелерді сақтау және сақтықты арттыру қажеттігін еске салады. Қиын ауа-райында апаттардың санын азайту және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәуекелі жоғары учаскелерде патрульдеу күшейтіледі.

  • Батыс Қазақстан облысында 44 жылқыны ұрлаған барымташылар тобы ұсталды

    Батыс Қазақстан облысында 44 жылқыны ұрлаған барымташылар тобы ұсталды

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға облыс орталығына жақын ауданда болған. Күдіктілер жылқыларды көршілес ауданға, ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жеріне айдап әкеткен.

    – Барлық ұрланған мал тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Келтірілген залал 17,6 миллион теңге болды. Ұсталғандардың екеуі бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Топ құрамында Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы аудандарының тұрғындары болған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аталмыш топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктілердің үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ведомстводан.

  • Орал тұрғыны пәтеріне 95 адамды тіркеген

    Орал тұрғыны пәтеріне 95 адамды тіркеген

    Орал қаласының тұрғыны өз пәтеріне 95 адамды тіркеген,  деп хабарлайды Polisia.kz.

    Батыс Қазақстан облысында көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заң бұзушылықтарды анықтады. Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде пәтерде нақты тұрмайтын 95 адам тіркелгені белгілі болды. Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

    «Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеген әрбір жағдай үшін жауапқа тартылуы мүмкін.  Келесі тармақтарға ерекше назар аудару керек:  – Бір жыл ішінде қайталап бұзу жауапкершілікті күшейтуге әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 2-бөлігі).  – Нақты тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбау (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 4-бөлігі).  Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұратын адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады», – делінген облыстық Полиция басқармасы таратқан ақпаратта.

    Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін қатаң санкциялар қарастырылған.  Азаматтарды тіркеу саласындағы заңнаманы сақтау – бұл заңдылық мәселесі ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды шарты.