Рубрика: Спорт

  • Қазақстандық теннисші Қытай турнирінде жеңіске жетті

    Қазақстандық теннисші Қытай турнирінде жеңіске жетті

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясы турнирінің финалында жеңіске жетті, – деп мәлімдеді Olympic.kz.

    Екі сетте олар АҚШ-тан келген жұп Айша Мухаммад/Джессика Пегулаларды жеңді. Матч 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

  • Президент үстел теннисінен Азия чемпионатын тамашалады

    Президент үстел теннисінен Азия чемпионатын тамашалады

    Президентт Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисінен Азия чемпионатының финалдық ойындарын тамашалады. Додада спортшылар жекелей және жұптық сындарда ойын көрсетті. Астанада өткен біріншілікке 26 елдің 210 спортшысы қатысты. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары да бар. Финалдық сайыста Қытай құрамасы мен қытайлық Тайбэй құрамасы өзара мықтыны анықтады. Қазақстан ерлер командасы 7-8 орын үшін сайыста Иранды 3:1 есебімен жеңді. Ширек финалда Үндістанға жол берген болатын.

  • 2027 жылы Қазақстанда дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

    2027 жылы Қазақстанда дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

    Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
    Министр Будапештке сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен маңызды кездесу өткізді.

    «2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді», — деп атап өтті Мырзабосынов.

    Сонымен қатар, Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

  • WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласын атады

    WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласын атады

    Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11КО) міндетті қарсылас белгіледі.

    WBO ұйымының ресми хабарламасына сәйкес, Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын ұлыбританиялық боксшы Хамза Ширазға (21-0,17КО) қарсы қорғауы керек.

    WBO ұйымы міндетті жекпе-жек туралы хабарламаны екі боксшының промоутерлеріне ескерткен. Қос тарапқа жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізу үшін 15 күн берілді. Егер боксшылардың командасы ортақ шешімге келе алмаса, жекпе-жек WBO ережесіне сәйкес бәс саудаға салынады және ең төменгі сома 200 мың доллар көлемінде белгіленген.

    Айта кетейік, отандасымыз жұма күні Сиднейде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулын сәтті қорғады.

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, WBO ұйымы жекпе-жекке бір күн қалғанда, Жәнібек-Михайлович айқасында қазақстандық боксшыға WBO титулын қорғауға ордер берді. Алайда, Михайловичтің командасы тек IBF титулы үшін жұдырықтасатынын алға тартып, бокс кешінде WBO титулы сарапқа салынбады.
    Сондай-ақ, WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық атағын сақтап қалу үшін 5 күн уақыт берді.

  • «Семей» футзал клубының ойыншысы әлем чемпионы атанды

    «Семей» футзал клубының ойыншысы әлем чемпионы атанды

     «Семей» клубының 33 жастағы шабуылшысы Бразилия құрамасының сапында әлем чемпионы атағына қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

    Бразилия құрамасы финалда Аргентинаны 2:1 есебімен ұтты. Ал Феррао матчтың 6-минутында мергендігімен көзге түссе, екінші голды Рафа Сантос (13-минут) соқты. Бұған Аргентина сапынан Матиас Роса (39) бір голмен жауап қатты.

    Әлем чемпионы атағына қол жеткізу – кез келген спортшының арманы. Құдайға, отбасыма және бізді қолдаған барша жанкүйерге алғыс айтамын, – деп жазды Феррао Instagram-да.

    Бұл тарихи жеңіспен футзалшыны «Семей» клубының басшылығы да құттықтады.

    Біз Феррао үшін ерекше қуаныштымыз! Мұндай маңызды ойында гол соғып, чемпион атану – шынымен айтулы оқиға. Ферраоның біздің команданың бөлшегі екеніне қуаныштымыз, – деді «Семей» футзал клубының бас директоры Азамат Әселқан.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Аргентинадан 6:1 есебімен ұтылған еді.

  • Антикор спорттағы «жалған спортшылар» туралы айтты

    Антикор спорттағы «жалған спортшылар» туралы айтты

    Сондай-ақ, қызмет мәліметінше, Туризм және спорт министрлігі «жалған спортшыларды» бақылауды жоғалтқан.

    «Әлсіз спорттық инфрақұрылым. Қазіргі заманғы спорт нысандарының жетіспеушілігі спортшыларды сапалы даярлау мүмкіндігін шектейді. Бұл әсіресе спорттық нысандар жиі қол жетімді емес немесе қанағаттанарлықсыз жағдайда болатын аймақтарда байқалады», – делінген хабарламада.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы кәдімгі жаяу жүргіншілер жолдары мен велосипед жолдарының тапшылығына бағытталған. Ал еліміз бойынша 374,2 мың м2 жабық спорт ғимараттарының, 376,4 мың м2 бассейндердің тапшылығы байқалады (Алматы, Астана, Түркістан және Алматы облыстарындағы ең үлкен тапшылық).

    «Спорт кешендері мен футбол академияларын салудың орнына спорттық ұйымдар легионерлерді ұстауға көп ақша жұмсаған. Мысалы, ең қымбат «Астана» ФК (2018-2023 жылдары 50 миллиард теңге, құрылтайшысы – Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қазспортинвест» АҚ «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры және ҰОК) өзінің футбол академиясы мен инфрақұрылымына ие емес. 6 жыл ішінде (2018-2023 жж.) клуб футбол алаңдары мен үй-жайларды жалға алуға 1,4 миллиард теңге жұмсады», – делінген хабарламада.

    Халықаралық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды ашық іріктеудің болмауы. Жоғары жетістіктер спорт саласында процестерді цифрландыру мүлдем жоқ.

    «Нәтижесінде бейінді министрлік қазақстандық спорттың жай-күйі туралы толық деректерді білмейді, жүлдегерлердің, спорт ғимараттарының, спорт секциялары мен жаттықтырушылардың бірыңғай есебін жүргізбейді. Цифрландырудың болмауы жалған спортшыларға спорттық атақтар беруге, жарыстарға қатысу үшін спортшыларды ашық емес және субъективті іріктеуге ықпал етеді».

  • Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды

    Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды

    Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкокта (Тайланд) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Ол әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты, деп хабарлайды Sports.kz.

    Ол аргентиналық спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) күш сынасты. Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды. Жекпе-жек 2 минуттан 10 раундқа есептелген болатын. Кездесу төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.

    Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Ал оның қарсыласы Дебора Анай Лопес кәсіби бокста 3-рет жеңілді.

    Айта кетсек, Ангелина биыл WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерді жеңіп алған болатын.

  • Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

    Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

    Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта нокаутпен жеңді. (21-1, 13 КО)

    Осылайша отандасымыз орта салмақтың екі чемпиондық (WBO, IBF) титулын қорғады.

    Айта кетсек, бұл жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болатын. Ол уақытта Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті. Бұл жөнінде боксшы кейіннен твиттер парақшасында былай деп жазды:

    «Қолдауларыңызға рақмет! Менде қазір барлығы дұрыс. Бірнеше апталар салып, араға қайта қосыламын. Бастысы мен орта салмақта өнер көрсете беремін. Менің бұл жақта бітпеген шаруаларым бар», — деп жазды Әлімханұлы.

    Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті. 25 жастағы Андрей Михайлович кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-0, 13 KO. Қазірде Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3 орында тұр.

     

  • Әмір Омарханов ITF Juniors J300 турнирінде ширек финалға шықты

    Әмір Омарханов ITF Juniors J300 турнирінде ширек финалға шықты

    Теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық ракетка үшінші раундта Корея өкілі Донгюнг Хванды (133 ITF Juniors) 6:7 ​​(4:7), 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Отандасымыз енді ширек финалда Амир Куан-Чоу Ченмен ойнайды (79 ITF Juniors).

  • Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович салмақ өлшеп, көз түйістірді

    Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович салмақ өлшеп, көз түйістірді

    Айта кетейік, Жәнібек-Андрей жекпе-жегі No Limit Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен 4 қазан күні Австралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтеді.

    Боксшылар IBF әлем чемпионы атағы үшін рингке шығады. Кәсіпқой бокс кешін қазақстандықтар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирінен көре алады.